09.01.2012, 14:39 3297

Елордада мемлекеттік баспана кезегінде тұрғандардың саны 21 мыңнан асып жығылады

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 21 279 адам Мемлекеттік қордан баспана алуға мұқтаж азаматтар кезегінде тұр.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Елордада мемлекеттік баспана кезегінде тұрғандардың саны 21 мыңнан асып жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 21 279 адам Мемлекеттік қордан баспана алуға мұқтаж азаматтар кезегінде тұр.

Кезек тізімінде 6 Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен қатысушылары, 11 314 халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары, 9940 мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме және әскери қызметкерлер, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша жалғыз баспанасы апаттық жағдайда деп танылған 19 азамат бар.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Астана қаласында 400-ден астам азамат пәтер кілтін алған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны