05.07.2019, 16:54 11235

Елордада отанымыздың барлық өңірлерінен жиналған көпбалалы аналарды қолданбалы өнерге үйретуде

Жалпы алғанда, "Асыл ана" жобасы заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін көрсететін көп балалы аналарды қолдау орталығын құруды көздейді.

Нұр-Сұлтан. 5 шілде. Kazakhstan Today - 4-6 шілде аралығында "Көрме" кешенінде "Асыл ана" әлеуметтік жобасы аясында тұңғыш рет Елорда күніне арналған "Көрпе Fest" мега-фестивалі өтуде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен қала әкімдігі ұйымдастырған шараға Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов қатысты.

Бұл шарада көпбалалы аналар үшін тігін және қолданбалы өнерді үйрету бойынша тегін оқыту сабақтары және тренинг-семинарлардан өткен қатысушылар өз жұмыстарын ұсынатын көрме ұйымдастырылды.

Көрме жеңімпаздары дипломдармен, тігін машиналарымен және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетерлігі, мастер-класстарды этникалық стильде ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын шығаратын, еліміздің белгілі этно-дизайнері, ҚР Президентінің "Алтын Сапа" сыйлығының лауреаты, Ырза Тұрсынзада өткізуде.

"Табысы төмен көпбалалы аналар өз кәсібін ашып оны табыс көзіне айналдырған еліміздің іскер әйелдерінен үлгі алуы керек. Өйткені, бұл тек өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ өздері сияқты азаматшалар үшін жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", - деді Бердібек Сапарбаев құттықтау сөзінде.

Ведомство басшысы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін көпбалалы ауыл тұрғындарына 505 мың теңгеге дейін гранттар қарастырылғанын атап өтті.

"Мәселен, көпбалалы отбасы тігін машинасын және қажетті материалдарды сатып алуға берілген қаражатты пайдалананып, төсек-орын, ұлттық киім және басқа да бұйымдарды үй жағдайында тігуге мүмкіндік алады", - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар мен жастар үшін 5 мың жеңілдетілген микрокредит беруге квота қарастырылған. Осының нәтижесінде биыл 15 мың көпбалалы отбасы өз ісін ашып, табысын арттыруға мүмкіндік алады.

Мега-фестиваль аясында ұйымдастырылған мастер-класстар "Асыл ана" әлеуметтік жобасының бір бөлігі. Бұл жобаның негізгі мақсаты - көп балалы аналарды оқыту мен ұлттық брендті дамыту арқылы шағын және орта бизнеске тарту болып табылады. Іс-шаралар кешеніне оқыту семинарлары, тігін және қолданбалы өнер бойынша сабақтар және өз көрмелерін ұйымдастыру, әлеуметтік желілер арқылы бизнесті жүргізу үшін мастер-кластар кіреді.

Жалпы алғанда, "Асыл ана" жобасы заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін көрсететін көп балалы аналарды қолдау орталығын құруды көздейді.

Бұл әлеуметтік жоба өз ісін жүргізу үшін көп балалы және аз қамтылған аналардың әлеуетін ашуға, олардың мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық қолөнерді танытуға ықпал ететін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны