23.10.2018, 16:46 4495

Елордада жастарға арналған халықаралық конференция өтті

Екі күнге жалғасқан конференция жұмысы Астана декларациясыныӊ қабылдануымен аяқталады.

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 19-20 қазан аралығында Астана қаласында"Инвестиция - жастарға. Ешкімді тыс қалдырмайық" тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Жиынды ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин әрбір мемлекетте, әрбір қоғамда жастардыӊ орны ерекше, олар қоғамныӊ, халықтыӊ, ұлттыӊ болашағын айқындайды, деді.

Осы жолда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев тәуелсіздік алған күннен бастап, жастар мәселесіне зор көӊіл бөліп келе жатқанын атап өткен Палата Спикері, олардыӊ барлығын заӊ жағынан қолдау үшін Парламентте де тиісті жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды.

- Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Сонымен бірге, жастар саясатына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Олардыӊ барлығы жастардыӊ рөлін арттыруға, өмір сапасын жақсартуға, бәсекеге қабілетін күшейтуге жаӊа серпін беретіні сөзсіз. Олар халықтыӊ белсенді бөлігі болумен қатар ұлттық бәсекеге қабілетті арттырудыӊ маӊызды факторы,-деді Палата Спикері.

Одан әрі жиында Халықты қоныстандыру және дамыту жөніндегі Азиялық ассоциациясыныӊ төрағасы, Жапонияныӊ бұрынғы Премьер-Министрі Ясуо Фукуда, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев және БҰҰ өкілі Ян МакФарлейн сөз сөйледі.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш Төрағасыныӊ орынбасары Мирлан БакировҚазақстан Республикасыныӊ Президенті Н. И. Назарбаевтыӊ осыдан 25 жыл бұрын "Болашақ" бағдарламасы арқылы жастарға инвестиция салып, Орта Азия елдеріне үлгі болғанынаҚырғызстанныӊ бауырлас мемлекет ретінде қуанышты екенін жеткізді.

Қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттежастарға инвестиция салу болашақта экономикалық, бейбіт, жан-жақты дамыған және тұрақты қоғам құруда шешуші рөл атқарады.Бұл Халықтыӊ қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілері форумыныӊ стратегиялық басымдықтары тұжырымдамасыныӊ үш бағыныӊ бірі болып табылады.

Конференцияныӊ жұмысы барысында қиын өмірлік жағдайларға тап болған жастарға, сондай-ақ ауыл жастарына ерекше назар аударылды.

Парламент өкілдері, мемлекеттік органдардыӊ және азаматтық қоғамныӊ ынтымақтастығына негізделген өзекті мәселелерді шешуге арналған конференциятөрт түрлі тақырыпқа бағытталған панельдік сессия жұмыстарымен жалғасты.

Бірінші сессия"Жастардыӊ білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін нығайту" тақырыбына өтті. ОғанӨзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заӊ шығару палатасы Спикерініӊ орынбасары Борий Алиханов төрағалық етті.

Сессия жұмысы барысында орта және жоғары білімніӊ жетілдірілуіне, білім беру сапасын жақсартуға кедергі келтіретін мәселелер туралы талқыланды.

Қазіргі таӊда жастарды еӊбекпен қамту-ел дамуы жолындағы маӊызды мәселелердіӊ бірі. Илемніӊ кейбір елдерінде жастардыӊ жұмыссыздығы 50 пайыздан асады.

Екінші сессия жұмысы Жапония Парламенті жоғарғы Палатасыныӊ депутаты, Парламентарийлердіӊ халықтыӊ қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия форумыныӊ төрағасы Кейзо Такемидіӊ төрағалық етуімен өтті.

"Денсаулық сақтау саласындағы ақпаратқа, білімге және қызмет көрсетуге жан-жақты қолжетімділік" тақырыбына арналған отырыста жастар арасындағы суицид пен денсаулық сақтау мәселелеріне мән берілді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл сайын әлемде 15 миллионнан астам қыздар (18 жасқа дейін) жас ана атанады. Яғни,15-19 жас аралығындағы қыздардыӊ өліміне жүктілік пен босану себеп болып отыр. Дүниежүзі бойынша жыл сайын 67 000-ға жуық жасөспірім өз-өздеріне зиян келтірген.

Конференция барысында Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш Төрағасыныӊ орынбасары Мирлан Бакиров төрағалық еткен "Жастардыӊ азаматтық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге толық қатысуы"сессиясында жастардыӊ қоғамдық белсенділігі туралы талқыланды.

Филиппин Республикасы Парламентініӊ мүшесі, Парламентарийлердіӊ халықтыӊ қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия форумы Төрағасыныӊ орынбасары Теодоро Багюлаттыӊ төрағалық етуімен өткен "Жастардыӊ жаһандану жағдайындағы тәуекелі мен мүмкіндіктері" төртінші сессия жұмысымен жалғасты.

Сессия жұмысында жаһандану кезеӊінде жастар кәсіпкерлігін дамыту халық арасында жұмысқа орналасуға, білікті кадрларды даярлауға және ел дамуыныӊ инновациялық жолына жылдам көшу қажеттілігі туралы айтылды. Сондай-ақ, жастардыӊ алдарына мақсат қойғыш, жылдам және қуатты жұмыс күшіне ие болғанына қарамастан, еӊбек нарығындағы жас маманныӊ бәсекеге қабілеттілігініӊ төмендігіне де ерекше назар аударылды.

Отырыс барысында Жапония Парламенті жоғарғы Палатасыныӊ депутаты, Парламентарийлердіӊ халықтыӊ қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия форумыныӊ Төрағасы Кейзо Такемиконференцияда талқыланған мәселелердіӊ маӊыздылығына тоқталып, инвестицияныжол құрылысына, инфрақұрылымды дамытуға емес, білім беру мен денсаулық сақтау сияқты экономикалық өсудіӊ негізгі бағыттарына салу қажеттігін атап өтті.

Конференция жұмысын қорытындылаған Парламент Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары Гүлмира Исимбаева Мемлекет Басшысыныӊ Жолдауында 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялағанынашетелдік қонақтардыӊ ерекше мән бергенін айтты.

Вице спикер бұл Елбасымыздыӊ жастарған деген оӊ көзқарасын білдіріп отырғанын, Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанда жастар мәселесіне ерекше назар аударылып келе жатқанын, 25 жыл бұрын "Болашақ бағдарламасы соныӊ айғағы екеніне тоқталды.

Екі күнге жалғасқан конференция жұмысы Астана декларациясыныӊ қабылдануымен аяқталады.

Қабылданған Астана конференциясы Бүкіл Азия мемлекеттерініӊ жастар мәселелерін шешуге және жастарды қолдауға оӊ серпін береді.

Онда жастардыӊ білім алып, денсаулықтарын сақтау үшін қолжетімділіктерін қамтамасыз ету, білім алғаннан кейін жұмысқа орналасу, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелермен қатар жастардыӊ қоғамдық саяси өмірге белсене араласуларына мүмкіндік жасау қарастырылған.

Илемніӊ 35-тен аса елінен өкілдер келген форумды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі, Халықты қоныстандыру және дамыту жөніндегі Азиялық ассоциациясы, сондай-ақ БҰҰ-ныӊ халықты қоныстандыру саласындағы қорыныӊ және Жапон Үкіметініӊ қолдауымен ұйымдастырылды.

Форум жұмысы Азия-Тынық мұхиты аймағынан Парламент өкілдері, халықаралық сарапшылар және ғалымдардыӊ, мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар өкілдерініӊ, жас көшбасшылардыӊ қатысуымен өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны