29.07.2016, 20:26 4763

Елордалық Қоғамдық кеӊес халықтыӊ пікірін жеткізеді

Астана қаласы Қоғамдық кеӊесініӊ төрағасы Сансызбай Есіловтыӊ айтуынша, ұйым қызметініӊ басты мақсаты азаматтық қоғамныӊ пікірін жеткізу, ал міндеті қала халқыныӊ мүддесін қорғау, қоғамныӊ арманын Астана қаласыныӊ атқарушы және өкілетті билігіне жеткізу болып табылады.И

Астана. 29 шілде. Kazakhstan Today - Астана қаласы Қоғамдық кеӊесініӊ құрамы биыл 23 ақпанда бекітілді, оған 25 адам мүше болды. Бүгінгі таӊда 11 отырыс өткізіліп, қала әкімдігі мен мәслихаттыӊ 80 нормативтік құқықтық актісініӊ жобасы, соныӊ ішінде, елордада ақылы көшелерді, автотұрақтарды пайдалану ережелері, автобустарда электронды карталарды пайдалану тәртібі және т.б.Иқаралды.
Астана қаласы Қоғамдық кеӊесініӊ төрағасы Сансызбай Есіловтыӊ айтуынша, ұйым қызметініӊ басты мақсаты азаматтық қоғамныӊ пікірін жеткізу, ал міндеті қала халқыныӊ мүддесін қорғау, қоғамныӊ арманын Астана қаласыныӊ атқарушы және өкілетті билігіне жеткізу болып табылады.И
- Кеӊес - мемлекеттік орган емес, бұл жерде барлығы ерікті түрде жұмыс істейді. Біз нормативтік құқықтық актілердіӊ жобаларына қорытындылар шығарамыз, ұсыныстарға нақты ескертулер жазсақ, қала әкімдігі ол ұсыныстарды қарап, оны қабылдау туралы шешімдер шығарады. Ол бізге заӊға сүйене отырып ақылға қонымды жауап беруге тиіс, содан кейін мәселе Иділет департаментіне жіберіледі, - деді Сансызбай Есілов.
Осылайша, Қоғамдық кеӊес электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілген кезде 60 минуттыӊ ішінде қала маӊына қатынайтын автобустардан қалалық және экспресс маршруттарға қайта тегін отыру бастамасын көтерген болатын.
Сонымен қатар, ақылы автотұрақ жобасын іске асыру бойынша да бірқатар ұсыныстар жасалды.
- Біз пилоттық жоба аясында 150 емес, 50 немесе 100 теӊге деп белгілеп, көліктерін ұзақ уақытқа қалдыратын министрлікте немесе мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін адамдар үшін жеӊілдіктер жасауды ұсындық. Ұсыныстардыӊ біраз бөлігі орындалды, кейбір мәселелер қаралу үстінде, - деді Сансызбай Есілов.
С. Есілов Қоғамдық кеӊес пен халық арасында байланыс орнату қажет екендігін атап өтті. Қалалық мәслихаттыӊ сайтында тұрғындар өздерініӊ ескертулері мен ұсыныстарын жолдай алатын Қоғамдық кеӊестіӊ беті бар. Сондай-ақ, астаналықтар қалалық Қоғамдық кеӊеске (елорда әкімдігініӊ ғимараты, 125 кабинет) жазбаша өтініш жібере алады. Сонымен қатар, Астана қаласында бір ай бойы қоғамдық қабылдау жұмыс істейтін болады.И


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны