21.07.2015, 12:58 2874

Елордалық полицейлер "Астана - есірткісіз қала" бағдарламасын іске асыру шеӊберінде қалаға кіреберіс шеп бекетінде салмағы 97 килограмнан асатын "марихуананы" тәркіледі.

"Көкнар-2015" жедел алдын алу іс-шарасыныӊ барысында жол-патрульдік полиция қызметкерлері қалаға кіреберіс шеп бекетінде құжаттарды тексеру мақсатында Тараз-Астана бағыты бойынша келе жатқан автобусты тоқтатты

Астана. 21 Шілде. Kazakhstan Today - "Көкнар-2015" жедел алдын алу іс-шарасыныӊ барысында жол-патрульдік полиция қызметкерлері қалаға кіреберіс шеп бекетінде құжаттарды тексеру мақсатында Тараз-Астана бағыты бойынша келе жатқан автобусты тоқтатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері автобусқа тексеріс жүргізу барысында жүк бөлігінде есірткі заттары табылған екі сөмкені тауып, есірткіні тәркіледі.

Арнайы есірткілерді іздеуге үйретілген полицияда 6 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан "Арни" атты лабрадор ретривер тұқымынан шыққан қызметтік ит салмағы 97 килограмнан асатын "марихуананы" анықтады.

Тыйым салынған заттарды санамағанда, Арнидіӊ қызметтік жылдар есебінде 50-ге жуық түрлі есірткі құралдарын табу фактілері бар.

Ағымдағы жылдыӊ 6 айыныӊ ішінде ғана елордалық ІІД Кинологиялық қызмет орталығыныӊ қызметтік-іздестіру иттерініӊ көмегімен 175 кг жуық түрлі есірткі құралдары анықталып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша есірткі құралдарын заӊсыз тасымалдауға қатысты барлық сыбайластарды құрықтауға жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Аталмыш факт ҚР ҚК 297 б. 3 т. сотқа дейінгі тергеулерді бірыӊғай тіркеуіне алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны