08.01.2015, 21:03 3723

Елордалық полицейлер балалар автоорындықтарыныӊ стандарттарын түсіндірді

2015 жылғы 7 қаӊтарда жаӊа Жол қозғалысы ережелерініӊ заӊды күшіне енуіне байланысты жүргізушілер арасында автоорындық немесе басқа тұтқыр құрылғыларды дұрыс таӊдау мәселесі өзекті болып отыр.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 7 қаӊтарда жаӊа Жол қозғалысы ережелерініӊ заӊды күшіне енуіне байланысты жүргізушілер арасында автоорындық немесе басқа тұтқыр құрылғыларды дұрыс таӊдау мәселесі өзекті болып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласыныӊ ІІД ИПБ хабарлауынша, ЖҚЕ "Жолаушылар тасымалы" 22-тарауына балаларды көлікпен тасымалдауға қатысты толықтырулар енгізілді: 12 жасқа дейінгі балаларды автокреслосыз немесе тиісті тұтқыр құрылғыларынсыз, сондай-ақ механикалық көлік құралыныӊ алдыӊғы орнында арнайы ұстап тұратын құрылғыларсыз тасымалдауға тыйым салынады. ҚР ИҚК 593-бабына сәйкес осы талаптарды сақтамағаны үшін 5 АЕК, ал жыл ішінде осы құқық бұзушылық қайталанған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

ҚР СТ 41.44-2012 Балаларға арналған ұстап тұратын құрал стандартына сәйкес, аталмыш құрал - айылбастары бар икемді элементтерден немесе баулардан, реттеуші құрылғылардан, бекіту бөлшектерінен және кейбір жағдайларда қосымша құралдардан (мысалы, балаларға арналған аспа бесіктер, алынып-салынатын балалар орындығы, қосымша орындық немесе көлік құралы шанағыныӊ ішкі бөлігіне бекітілетін соққыға қарсы экран) тұратын элементтер жиынтығы.

Сонымен қатар, автомобиль салонында баланы тасымалдау үшін аспа бесіктер мен жастық-бустерлер де, балаға қауіпсіздік белдігін тағуға мүмкіндік беретін басқа да арнайы құрылғылар қолданылады, олар да "балаларды ұстап тұратын құрылғылар" (БҰҚ) ретінде классификацияланады.

Аталған Стандартқа сәйкес БҰҚ 4 топқа бөлінеді:

"0" тобы (аспа бесіктер мен тасымалдар). Жолаушыныӊ жасы - жаӊа туған сәбилер мен 6 айға дейінгі нәрестелер. Баланыӊ салмағы 10 кг аз. Қозғалыс бағытына жанымен орнатылады.

0+ тобы (балаларға арналған автомобиль орындықтары) Баланыӊ жасы - жаӊа туған сәбиден бастап 1 жасқа дейін. Салмағы - 13 кг дейін. Көлік қозғалысына қарсы орнатылады.

I топ (балаларға арналған автомобиль орындықтары). 9 айдан 4 жасқа дейінгі балаларға арналған. Жолаушыныӊ салмағы - 9-18 кг. Көлік қозғалысыныӊ бағытында орнатылады ("0/I" әмбебап тобына жататын автоорындықтарды екі жолмен орнатуға болады: қозғалыс бағытында және оған қарсы).

II топ (балаларға арналған автомобиль креслолары мен орындықтары). Жолаушыныӊ жасы - 3-7 жас. Салмағы - 15-25 кг. Қозғалыс бағытымен орнатылады.

III топ (балаларға арналған автомобиль креслолар мен орындықтар)

Баланыӊ жасы - 6-12 жас. Жолаушыныӊ салмағы - 22-36 кг. Қозғалыс бағытымен орнатылады.

Балаларға арналған ұстап тұратын құрылғылар бекітілуіне қарай төрт санатқа бөлінеді:

- әмбебап (universal) - ересектерге арналған қауіпсіздік белдіктерініӊ көмегімен бекітіледі және алдыӊғы және артқы орындыққа орнатылады;

- шектеулі (restricted) - нақты типтегі көлік құралдарына қарастырылған белгілі бір орындықтарға ғана бекітіледіі;

- жартылай әмбебап (semi-universal) - төменгі және қосымша бекіткіштердіӊ көмегімен орнатылады;

- ерекше (specific vechicle) - көлік құралын шығарушы конструкциялаған бекіткіштердіӊ көмегімен немесе балаларды ұстап тұратын құрылғылардыӊ көмегімен орнатылады.

Қандай да болмасын креслоны сатып алмас бұрын, көліктегі бекіткіштердіӊ қандай екенін біліп алу керек.

Автомобильдіӊ артқы жағындағы орындықтар изофикс (Isofix) бекіткіштерімен жабдықталады. Бұл балалар креслосын көліктіӊ шанағына бекітудіӊ әмбебап стандарты. Ол балаларға ішкі қауіпсіздік белдіктері тағылатын 0+ және І креслолары үшін ғана қолданылады. Премиум-класс модельдерінде автокреслоны алдыӊғы жолаушылар орындығына да орнатуға болады. Тек салоны кеӊ автомобильдерде ғана (көп жағдайда минивэндер мен жолсызда жүретін үлкен орындықтар) артқы үш орындық изофикспен жабдықталады.

Краш-тесттіӊ нәтижесінде, ЖКО орын алған жағдайда қауіпсіздік белдігін тақпаған немесе арнайы ұстап тұратын құрылғыларда отырмаған балалардыӊ жиі зардап шегетіні анықталды. Шетелдерде жүргізілген ғылыми жұмыстардыӊ нәтижесінде, автокреслоларды қолданған жағдайда ЖКО салдарынан балалардыӊ қаза табу жағдайлары 80% артық, ауыр дене жарақаттарыныӊ саны 64-80%, ал жеӊіл дене жарақаттары 70% төмендегенін көрсетті.

Жолда болжап болмайтын жағдай орын алуы ықтимал, осындай жағдайларда бала өмірін тек арнайы ұсстап тұратын құрал ғана сақтай алады!

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны