03.07.2015, 15:32 3343

Елордалық полицейлер кезекшілік тәулікте Есіл өзенініӊ жағалауындағы "Лазерлі шоу" өткізуге арналған аппаратураны ұрлау қылмысы ашылды.

Мәскеулік фирманыӊ біріне тиесілі "Лазерлі шоу" өткізуге арналған аппаратура элементтерін ұрлау фактісі бойынша күдіктілер құрықталды. Олардыӊ Астана қаласы және Солтүстік Қазақстан облысыныӊ 25 жасар тұрғыны екендіктері анықталды

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - Мәскеулік фирманыӊ біріне тиесілі "Лазерлі шоу" өткізуге арналған аппаратура элементтерін ұрлау фактісі бойынша күдіктілер құрықталды. Олардыӊ Астана қаласы және Солтүстік Қазақстан облысыныӊ 25 жасар тұрғыны екендіктері анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталынған күдіктілер Астана қаласы ІІД Уақытша қамау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде. Дәлел заттары тәркіленді. Мүлік иесіне қайтарылды. Ұсталынғандар кінасын мойындауда.

Ағымдағы жылдыӊ 29 шілдесі ІІД кезекші бөліміне Ш.есімді азаматтан түӊгі уақытта белгісіз біреулердіӊ "Лазерлі шоу" өткізуге арналған аппаратураны құрайтын элементті ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түсті. Барлық техника орналасқан нысанды жеке күзет фирмасы күзеткен.

Аталмыш қылмысты ашу үшін тәжірибелі қызметкерлерден құралған жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларыныӊ барысын Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Иубәкіров жеке бақылауына алды. Барлық нұсқалар тексеріліп, қайықтары және жүзетін құралдары бар азаматтар да тексерілді. Тергеу амалдарыныӊ барысында қаскүнемдердіӊ ұрланған аппаратураны тасымалдаған қайықты пайдаланғандығы анықталды.

Бірнеше сағат ішінде "ізіӊ суытпай" аталмыш қылмыс ашылды.

Елордалық полиция қызметкерлерініӊ жедел әрі мардымды әрекеттерініӊ арқасында қала тұрғындары мен елорда қонақтарыныӊ назарына Астана күніне арналған "Лазерлі шоу" қойылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны