20.02.2020, 19:36 7556

Елордалық еріктілердің "Біз біргеміз" челленджіне екі айдың ішінде 50 мыңнан астам адам қосылды

Елорда волонтерлері штабының төрағасы Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, "Біз біргеміз" челленджі қаланың коммуналдық қызметтерінің жұмысын жеңілдетумен қатар, республикада еріктілер қозғалысының дамуына жаңаша серпін берді.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Елордалық еріктілердің "Біз біргеміз" челленджіне екі айдың ішінде 50 мыңнан астам адам қосылды.

Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлері бастаған "Біз біргеміз" акциясы астаналықтар арасында бірден қолдау тапты. Қала аумағын қардан тазартып, сол сәтпен әлеуметтік желілерде #Бізбіргеміз хештегі арқылы бөлісіп жатқан азаматтар саны күннен күнге өсуде. Осы уақыт ішінде белсенді жастар қала іргесінде тұратын 100-ден астам отбасыға көмектесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда волонтерлері штабының төрағасы Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, "Біз біргеміз" челленджі қаланың коммуналдық қызметтерінің жұмысын жеңілдетумен қатар, республикада еріктілер қозғалысының дамуына жаңаша серпін берді.

"Челлендж идеясы елордада толастамай жауған қарға байланысты пайда болды. Коммуналдық жұмысшылар тәулік бойы қардың салдарымен күресін көріп, сол ретте қала тұрғындарының көмегі олар үшін артық болмайтынын түсіндік. Біздің қозғалысқа барлық жастар бірлестіктері, кейбір ұйымдар мен университеттер қосылды. Олардың ішінде Қазақстан студенттерінің альянсы, "Жас сарбаз" балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы, Қазақстан жастарының конгресі, Астана медицина университеті, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, "Жас Отан" ЖҚ секілді ұйымдар бар. Біз мүдделі азаматтардың "Біз біргеміз" акциясына жаппай қосылып, бір-біріне жақсылық эстафетасын тапсырғанына қуаныштымыз", - деді Шыңғыс Тілеулин.

Қазіргі уақытта еріктілер мұқтаж тұрғындарға қарды тазарту, шығару жұмыстары бойынша көмек көрсетуді жалғастырып келеді. Күнтізбе бойынша қыстың соңғы күндері болғанымен, іс жүзінде ақпан айы демалуға мүмкіндік бермеді. Мәселен, синоптиктердің болжамынша, 18-нен 19 ақпанға қараған түні жауын-шашын мөлшері түнде 7 мм құрады. Ал ақпан айының басынан бастап жауын-шашын мөлшері 33 мм құраған болатын. Қайткенмен де көктем мезгілі келіп қалды, сондықтан қаланы қардан тазарту мәселесі өзекті болып отыр. Тазартылмаған қар еріп, тасқын қаупі бар қаланың жеке секторларын су басуы әбден мүмкін. Осы факторды ескере отырып, елорданың коммуналдық қызметтері қала аумағын қар мен мұздан тазарту қарқынын арттыруға тырысуда. Бұл мәселеде қарды өз бетінше шығарып тастауға және полигонға шығаруға мүмкіндігі жоқ азаматтарға еріктілер көмектесуге дайын. Елордалық волонтерлер өткізетін іс-шаралар жергілікті су тасқынын азайтуға септігін тигізеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны