05.09.2018, 20:19 4178

Эмир Байғазинніӊ "Өзен" фильмініӊ әлемдік тұсаукесері Венецияда өтті

Эмир Байғазинніӊ "Өзен" (Река) фильмініӊ әлемдік тұсаукесері кеше, 4 қыркүйекте мерейтойлық 75-ші Халықаралық Венеция кинофестивалі шеӊберінде өтті. Аслан туралы трилогияныӊ соӊғы бөлімі Sala Darsena (Дарсена залы) кинозалында көрсетілді.

Алматы. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Эмир Байғазинніӊ "Өзен" (Река) фильмініӊ әлемдік тұсаукесері кеше, 4 қыркүйекте мерейтойлық 75-ші Халықаралық Венеция кинофестивалі шеӊберінде өтті. Аслан туралы трилогияныӊ соӊғы бөлімі Sala Darsena (Дарсена залы) кинозалында көрсетілді.

Естеріӊізге сала кетсек, "Өзен" көркем фильмі фестивальдіӊ "Көкжиектер" (Горизонты) атты конкурстық бағдарламасына қатысуда. Айта кетсек, бұл байқауда барлығы 19 кинотуынды бақ сынайды. Фильмді 1000-ға жуық көрермен тамашалады.

Көрсетілімнен кейін фильмніӊ режиссері мен актерлер көрермендермен тілдесті. Фильмді түсіру идеясыныӊ пайда болуы туралы Эмир Байғазин Сүлеймен патшаныӊ "адамныӊ пейілі тереӊ су тәрізді" деген сөздерін келтіре отырып, ниет болса, алдыӊнан шығатын қиындықтарға қарамастан, өмірдіӊ бақытын сезінуге болатынын айтты.

Фильмде басты рөлдерді сомдаған актерлер де өз ойларымен бөлісіп, кейбір қиындықтар мен алдарына қойылған қатаӊ талаптарға қарамастан, түсіру алаӊы ұнағандары туралы және осы фильмге түскендеріне қуанышты екенін жеткізді. Жиналған көрермендер актерлердіӊ жақсы таӊдалғаны және олардыӊ шеберлігі туралы сөз қозғады.

Батыстыӊ әлемге әйгілі басылымдары "Өзен" фильмі туралы жарыса жазып, оӊ пікірлерін білдіріп жатыр:

Hollywood Reporter:

Фестивальдерде үлкен табысқа ие болған Эмир Байғазинніӊ "Асланныӊ сабақтары" және "Төрт оқиға" фильмдерінен кейін, жазушы-режиссер түсірген жаӊа фильм Аслан туралы трилогияныӊ соӊғы бөлімі. Бұл кинотуынды ерекше тәртіп пен айқындықты суреттей білген режиссерлік шеберліктіӊ шыӊдалуыныӊ айқын дәлелі. Кейбіреулер бұл фильм эстетизацияға толы деп айтуы мүмкін, алайда бұл туынды сезімге толы, адамды қызықтырып, меланхоликалық сезімге дуалай алатын жұмыс.

Screen International:

Байғазинніӊ жұмыстарында әрқашан көзге көрінетін бір нәрсе бар. Ол жеке бостандық және жауапкершілік, қызықтырушылық және отбасы қатынастары туралы сұрақтарды зерттегенде, оныӊ еркін стилі ойлай алатын субстанциямен толықтырылады. Аталған тақырыптардыӊ көрінісі басқа да кинематографистердіӊ жұмыстарында байқалады - Клер Дениден бастап, Миклош Янсконыӊ аллегориялық шығармаларында, Жоау Педро Родригестіӊ иконаға сыйынатындарға қарсы ойларында да кеӊінен қолданылады.Тереӊ ойлы, әрі қиын тақырыпта түсірілген бұл жұмыс адамныӊ назарын өзіне бірден аудара алады.

"Өзен" фильмі өркениеттен алыс жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған бес ағайынды туралы баяндайды. Фильмніӊ түсіру жұмыстары Оӊтүстік Қазақстан облысында жүргізілді.

Фильмніӊ жарыққа шығуына бірнеше мемлекеттер атсалысты, олар: Қазақстан (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, Emir Baigazin Production), Норвегия (Norsk Filmproduksjon) және Польша (Madants). Айта кетсек, бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынық мұхиттық киноассоциациясы грантыныӊ қолдауына ие болды. 2017 жылы маусым айында бұл жоба алғаш рет Карловы Вары Халықаралық кинофестивалініӊ кинонарығында таныстырылып, ол жылы қыркүйекте киножоба Варшава халықаралық кинофестивалі кинонарығында Pitch and Meet жобалар байқауында бірінші орынды иеленген болатын. Картинаныӊ пост жұмыстары 2018 жылы жаз айында Польша кинематография институтыныӊ қаржылай көмегімен Варшавадағы Orka және Dreamsound студияларында жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны