10.09.2008, 18:30 2919

Еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі - Сапарбаев

Еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі - Сапарбаев

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Бұл туралы бүгін Алматыда "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - 2008" тақырыбындағы форумда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жекелеген салалардағы жағдайды алып қарайтын болсақ, еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Бұл салада бір жұмыскерге жылына 210 мың теңге бөлінсе, тау-кен-металлургиясы өнеркәсібінде бұдан біршама аз - 65 мың теңге, ал құрылыс саласында небәрі 5 мың теңге жұмсалады. Тиісінше, еңбек қорғауға қаржы жұмсалмайтын салаларда жарақаттану оқиғалары жиі кездеседі", -деді Б. Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны