12.04.2012, 13:39 3603

Енді қазақстандық ғалымдар "Elsevier" баспасының жұмыстарына қол жеткізе алады

"Енді біздің барлық университеттеріміз бен ғылыми-зерттеу институттарымыз әлемдік білім беру және ғылым ресурстарына қол жеткізе алады. Бұл Қазақстан үшін өте үлкен жетістік, енді сіздер тек оқырман ғана атанып қоймай, өз туындыларыңызды басып шығара аласыздар", - деді Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шарада Б.Жұмағұлов.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Ғылым қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналыс барысында әлемдегі ірі баспалардың бірі - "Elsevier" баспасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Енді қазақстандық ғалымдар ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарына қол жеткізе алады. "Elsevier" баспасы жыл сайын 2200-ден астам ғылыми журнал, 8 мың анықтама кітапшаларын, 500-ден астам мерзімдік басылымдар шығарып, 9 миллион ғылыми мақала мен 11 мың онлайн-желідегі кітап жариялайды. Баспаның мәліметтер базасына қол жеткізу арқылы еліміздегі барлық ғылыми мекемелердің ақпараттық сілтемелері мен ресурстарын кең ауқымда пайдалануға мүмкіндік туады және зерттеулердің сапасын арттыруда да бұл қадамның маңызы жоғары.

"Енді біздің барлық университеттеріміз бен ғылыми-зерттеу институттарымыз әлемдік білім беру және ғылым ресурстарына қол жеткізе алады. Бұл Қазақстан үшін өте үлкен жетістік, енді сіздер тек оқырман ғана атанып қоймай, өз туындыларыңызды басып шығара аласыздар", - деді Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шарада Б.Жұмағұлов.

Өз кезегінде баспаның басқарма төрағасы Рон Мабед Білім және ғылым министрлігіне қолға алған бастамасы мен атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтты, сондай-ақ болашақта жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген үмітін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны