02.02.2021, 18:47 8635

Энергетика министрлігі: 2025 жылдың соңына дейін 13 ГЭС нысаны іске қосылады

Батыс өңірдің электр желілерін күшейту шеңберінде 2021 жылы Теңіз – Құлсары – Атырау – Индер – Оң жағалау – Орал бағыты бойынша 220 кВ электр желілерін күшейту жұмыстары басталады.
Нұр-Сұлтан. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында 2025 жылдың соңына дейін 13 ГЭС пайдалануға беру жоспары туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 

Маневрлік қуат тапшылығын ескере отырып, министрлік еліміздің оңтүстік өңірінде генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі 4 әлеуетті жобаны пысықтады. Жалпы, оңтүстік өңірде 2025 жылға дейін шамамен 1300 МВт газ генерациясын іске қосу жоспарлануда. 2025 жылдың соңына дейін белгіленген жиынтық қуаты 177,67 МВт-қа жуық 13 ГЭС нысанын іске қосуды жоспарлап отырмыз . Сонымен қатар, ағымдағы жылы маневрлік ГЭС-ты қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздері бойынша жиынтық қуатқа аукциондық сауда-саттық өткізу белгіленген. Жалпы алғанда, 2025 жылы ЖЭК электр энергиясын жалпы өндіру үлесін 6%-ға жеткізу күтілуде", - деді Ноғаев.

 
Оның айтуынша, еліміздің оңтүстік өңіріндегі электр желілерін күшейтуге қатысты ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Желілерді күшейтудің негізделген тәсілін әзірлеу үшін "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ-мен бірлесіп тәуелсіз ғылыми институт тартылатын болады. 
 
Батыс өңірдің электр желілерін күшейту шеңберінде 2021 жылы Теңіз – Құлсары – Атырау – Индер – Оң жағалау – Орал бағыты бойынша 220 кВ электр желілерін күшейту жұмыстары басталады. Аталған жобалар мен жаңа қуаттарды оңтайлы орналастыру үшін ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ететін 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім әзірленеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны