13.04.2020, 18:12 4889

Энергетиктер Қостанай облысындағы қатты боран салдарынан болған залалды қалпына келтіруде

2020 жылдың 7 сәуірінде Қостанай облысында қатты боран соғып, желдің екпіні 37 м/с-қа дейін жетті, бұл электр беру желілерінің бұзылуына әкеп соқты, оның ішінде "KEGOC" АҚ-ның электр беру желілері өшірілді, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Энергетиктер Қостанай облысындағы қатты боран салдарынан болған залалды қалпына келтіруде.

2020 жылдың 7 сәуірінде Қостанай облысында қатты боран соғып, желдің екпіні 37 м/с-қа дейін жетті, бұл электр беру желілерінің бұзылуына әкеп соқты, оның ішінде "KEGOC" АҚ-ның электр беру желілері өшірілді, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Электр беру желілерінің зақымдалуы нәтижесінде ВЛ-500 кВ "Қостанай-Сокол", "Қостанай - Челябинская", "Жітіқара-Сокол", "Сокол - Есіл", "Қостанай - Көкшетау", сондай - ақ ВЛ-220 кВ "Сокол-Заречная", "Сокол-Качар", "Сокол-Лисаковская" ажыратылды.

Облыста ажыратылған жеке және заңды тұлғалардың саны шамамен 40 000 абонентті құрады.

Бастапқыда "KEGOC" АҚ-ның электр желілерінде бұзушылықтар орын алды, соның салдарынан "Межрегионэнерготранзит" ЖШС, "ЭПК-forfait" ЖШС-ның желілері ажыратылды.

Жоғарыда аталған барлық ұйымдардың білікті қызметкерлері өз желілерінде туындаған авариялық жағдайды жою бойынша жұмыстарды үнемі жүргізіп отырды.

2020 жылдың 7 сәуірінде сағат 21.00-ден 23.00-ге дейін тұтынушылар үшін шектеулерді ішінара алып тастау арқылы Қостанай қаласын электрмен жабдықтауға жедел ауыстыру жүргізілді, бұл ретте қаладағы тіршілікті қамтамасыз ететін барлық объектілерге кернеу берілді (сумен және жылумен жабдықтау, ішінара электр энергиясы қалпына келтірілді).

Қарлы боран салдарынан жолдың көрінбеуі авариялық бригадалардың шығуына қиындық туғызды. Жұмыс жүргізу орындарына өту жолдарының болмауынан жұмыстарды жүргізу қиынға соқты, Қостанай облысы ТЖД мен әкімдігінің автотехникасы тартылды. Жедел қызметтер ауа райының күрделі жағдайына қарамастан, өңірді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдады.

Сондай-ақ "ЭПК-forfait" ЖШС қызметкерлері Қостанай қаласы мен аудандар бойынша келіп түскен барлық өтінімдерді пысықтады.

Облыс энергетиктері тәулік бойы жұмыс істеді, бірақ авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде үлкен қиындықтарға тап болды.

Қарлы боран бәсеңдегеннен кейін бірінші кезекте ауруханалар, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау сияқты негізгі тіршілік ету объектілері электрмен жабдықтауға қосылды.

Бүгінгі таңда соңғы тұтынушыға дейін электрмен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Қостанай облысын электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін 20 авариялық-қалпына келтіру бригадасы, 3 арнайы техника, 25 автотехника (оның ішінде 3 АГП, 22 УАЗ бригадалық машинасы) жұмылдырылды.

Электр желілерін қалпына келтіре отырып, тұтынушыларды да қосу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны