18.07.2008, 18:30 2712

Энергоблоктарды жоспарлы жөндеуден өткізгеннен кейін Екібастұздың 1-ЖЭС жүктемені 2350 МВт/сағатқа дейін арттыруды көздеп отыр

Энергоблоктарды жоспарлы жөндеуден өткізгеннен кейін Екібастұздың 1-ЖЭС жүктемені 2350 МВт/сағатқа дейін арттыруды көздеп отыр

Павлодар. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Энергоблоктарды жоспарлы жөндеуден өткізгеннен кейін Екібастұздың 1-ЖЭС жүктемені 2350 МВт/сағатқа дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы кеше станцияның баспасөз қызметінен мәлім етілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта электр станциясында үш энергоблок №3, 5 және 7 жүктеме алып отыр. №6 энергоблокта биыл мамыр айынан бастап қыркүйек айына дейін негізгі және қосалқы құралдарды модернизациялау қарастырылған күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеу жүргізіліп болғаннан кейін №6 энергоблок 500 МВт жүктемені өз мойнына алатын болады. Сол кезде электр станциясының жалпы жүктемесі 2 350 МВт-қа жетпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны