30.03.2011, 13:06 4654

ЕО Қазақстанның Чернобыль АЭС болған апат салдарын жоюға бағытталған саммитке қатысатындығына сенеді

ЕО Қазақстанның Чернобыль АЭС болған апат салдарын жоюға бағытталған саммитке қатысатындығына сенеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 30 - наурыз. Kazakhstan Today - ЕО Қазақстанның Чернобыль АЭС болған апат салдарын жоюға бағытталған саммитке қатысатындығына сенеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Украина және Франция елшілері Олег Демин мен Жан-Шарль Бертонені, сонымен қатар Қазақстандағы Еуропалық комиссия өкілдігінің басшысы Норбер Жустенді қабылдаған.

Шетел дипломаттары Қ. Саудабаевқа Франция Президенті Николя Саркози және Украина Президенті Виктор Януковичтің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Чернобыль апатына 25 жыл толуына орай сәуірде Киевте өтетін ядролық энергия саласындағы қауіпсіз және инновациялық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған саммитке қатысуға шақыратын үндеу-хатын тапсырды.

Бұл хатта Қазақстан мен "үлкен сегіздіктің" және Еуропалық комиссияның Ядролық қауіпсіздік қоры және Қауіпсіз қорғандар құрылысы қоры арасында Чернобыль апатының салдарларын соңына дейін жою, Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы әріптестікті орнату жөнінде ұсыныс айтылған. Отандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы хатты қабылдай отырып, 500-ге тарта ядролық сынақтарды бастан кешірген Қазақстан халқы үшін Украина мен Беларусь елдерінің 1986 жылғы апат түйіткілі жанына өте жақын екендігін атап өтті. Оның атап өткеніндей, Чернобыль АЭС-інде болған апаттың салдарына 32 мыңнан астам қазақстандық қатысқан.

"Жақында Жапонияның Фукусима АЭС-інде болған апат әлемдік қауымдастыққа ядролық энергия қауіпсіздігі мәселесінің өткір тұрғандығын тағы бір дәлелдеді. Сондықтан Киевте өтетін Саммит уақытымен ұйымдастырылған және өте өзекті болып отыр. Қазақстан өз кезегінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың шешімімен Семей ядролық полигонының жабылуына 20 жыл толуына арналған көлемді шараларды ұйымдастыруды жоспарлауда",-деді Қ. Саудабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны