15.02.2016, 15:21 3432

Ерасыл Иубәкіровтіӊ өліміне күдікті үш азамат тұтқындалды

Еске салсақ, үстіміздегі жылдыӊ 10 ақпанында Астана қаласыныӊ ішкі істер органдарыныӊ жедел-іздестіру іс-шарасы барысында із-түзсіз жоғалып кеткен Е.Иубәкіровтіӊ мүрдесі табылған болатын.

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласы Алматы ауданыныӊ №2 аудандық сотыныӊ қаулысымен ҚР Қылмыстық кодекстіӊ 99-бабыныӊ 2-тармағыныӊ 7-бөлігінде көзделген (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалған адам өлтіру) қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін А.Тихоненко, В.Шерстенев, Н.Ижімбай екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Астана қалалық сотыныӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдыӊ 10 ақпанында Астана қаласыныӊ ішкі істер органдарыныӊ жедел-іздестіру іс-шарасы барысында із-түзсіз жоғалып кеткен Е.Иубәкіровтіӊ мүрдесі табылған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны