16.10.2009, 15:38 4508

Ертіс бассейнінде алдағы 5-10 жылда су тапшылығы байқалуы мүмкін

Ертіс бассейнінде алдағы 5-10 жылда су тапшылығы байқалуы мүмкін

Өскемен. 16 қазан. Kazakhstan Today - Ертіс бассейнінде алдағы 5-10 жылда су тапшылығы байқалуы мүмкін. Мұндай мәлімет 15-16 қазанда Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша Өскеменде өткен "Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы контексінде су ресурстарын тиімді пайдалану" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Конференцияның жалпы отырысына қатысқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев онда талқыланған Ресейдегі Саян-Шушенск су электр станциясындағы апатқа байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма Су электр станциясы мен осы тектес нысандарда тексерулер қолға алынғанын хабарлады.

Конференцияда өздерінің баяндамаларымен белгілі профессорлар, ғалымдар, біздің облыстың гидрожүйелері бойынша сарапшылары және Алматы, Астана, Барнаул (Ресей Федерация) қонақтары сөз сөйледі. Икім баяндамашыларды тиянақты тыңдап, облыстағы тұрғындардың суды пайдалануы және су ресурстары жөніндегі проблемаларды шешу бойынша көкейтесті ұсыныстарды қабылдап диалогқа шығып отырды.

Жалпы отырыстың аяғында, бағдарламаға сәйкес конференция келесідей тақырыптарда секцияға бөлініп өз жұмыстарын жалғастырды: "Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау", "Сумен жабдықтау, суды әкету және адамдар денсаулығы", "Су объектілері, су шаруашылығы және суды қорғау қызметтері мен суды пайдаланудың экономикалық қауіпсіздігі басқармаларын ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету".

Конференция нәтижелері бойынша баяндамалар жинағы шығады, онда нормативтік-құқықтық, санитарлық, экологиялық-экономикалық және су ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық аспектілері жайлы проблемалар қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны