21.05.2007, 17:31 5845

Ертістегі су тапшылығын алдын алуда Омбы облысында төмен қысымды гидроторап салу жоспарлануда

ПАВЛОДАР. 21 - мамыр. Kazakhstan Today. Ертісте келешекте су тапшылығының болу қаупіне байланысты Ресейдің Омбы облысында төмен қысымды гидроторабын салу жоспарлануда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Ұлы Ертіс" су пайдалану қауымдастығының төрағасы Жанайдар Рамазанов хабарлады.

Ертістегі жаңа гидроторапты Омбы арнасынан 50 шақырым жоғарыда салу жоспарлануда. Жобаның болжанған құны - 40 млрд рубльден асады.

Ж. Рамазановтың хабарлауынша, омбылық билік өкілдері Ресей президенті Владимир Путинді Ертісте гидроторап салудың қажеттілігі туралы хабардар еткен және де одан толық қолдау тапқан.

Өткен аптаның аяғында Омбыда қауымдастық өкілдері аталмын гидроторапты салуға арналған парламенттік тыңдауға қатысқан.

"Ауа райының аса жылынуы мен суды пайдалану ауқымын өсуі ... 2030 жылы Ертістегі судың тапшылығына әкеп соқтырады",- деп санайды Ж. Рамазанов. Оның айтуынша, егер шұғыл шаралар қабылдамаса, аймақтағы аса ірі су күретамыры арнасының таяздану процессін кері қайтаруға келмей қалғалы отыр.

Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, өзен арнасындағы суды өнеркәсіптік пайдаланудың өсуі қазірдің өзінде ағыс бойындағы елді мекендерді сумен қамсыздандыру мен кеме қатынастары үшін айтарлықтай проблемалар туғызуда. Сондықтан да, ағысты реттеу үшін бөгендер мен гидроторап салу қажет.

Тыңдалымда Ертістің таяздану проблемасына қатысты негізгі баяндамамен сөз сөйлеген Омбы облысының өнеркәсіп саясаты, транспорт және министрі Александр Луповтың ақпараттарына сүйенсек, "2030 жылға дейін жасалған болжам Ертіс жағалауындағы аймақтардағы су тұтынудың одан әрі елеулі өсуі бірінші кезекте Қытайда байқалып отыр". Мамандардың мәліметтері бойынша, осы уақытта жалпы су алу көлемі жылына 5 млрд текше метрге жетуі мүмкін. Ал қазір бұл көлем 1 млрд текше метрге тең.

Ж. Рамазанов агенттік тілшісіне берген сұхбатында, өзен ахуалы Қытай Халық Республикасының аумағынан ағып шығатын Қара Ертіс өзеніндегі су айналымымен анықталатындығын атап өтті. Ол, 2005 жылы қытай жағы Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық округі аумағында жаңа мұнай және газ кенішін сумен қамсыздандыру үшін Қара Ертіс - Қарамай деген жаңа арнаны пайдалануға бергендігін еске сала кетті. "Біздің жасаған болжамдарымыз бұл елдегі өнеркәсіптің одан әрі өсуін есепке ала отырып Ертістегі су көлемінің күрт төмендейтіндігін көрсетіп отыр",- деп түсіндірді Ж. Рамазанов.

Оның айтуынша, Ертіс аймақтағы барлық су ресурстары мұқтаждығының 90 пайызғы жуығын қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны