26.04.2017, 21:47 2752

Есіл өзені суыныӊ жағалаудан шығуы 9 шақырымға дейін жетті

"Бүгiн Есiл өзенiне тағы су құйылады деп күтудемiз. Су құйылу тоқтағаннан кейiн, елдi мекенге су кiрген учаскелердi жабамыз. Содан кейiн ондағы суды бар күш-жiгермен сора бастаймыз. Бұл бағытқа барлық техникалар жұмылдырылатын болады",-дедi Құмар Iргебайұлы.

Петропавловск. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жедел штабтыӊ мүшелерiмен бiрге Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданыныӊ аумағын тiкұшақпен аспаннан бақылады. Ұшу барысында судыӊ жайылу аумағы зерттелдi.

Жаз айларында Есiл өзенiнiӊ енi еӊ көп дегенде 50 метрдей ғана болады. Аумақты бақылау кезiнде Есiл өзенiнiӊ арнасы 10 шақырымға созылғанын, су деӊгейi 9 метрге көтерiлгенiн көрсеттi. Судыӊ еӊ көп құйылған жерi Бескөл ауылы мен Былғары зауыты ауданы болып отыр.

"Кеше Петропавл қаласы бойынша төтенше жағдай режимi жарияланды, бүгiн Қызылжар ауданында осындай жағдай жариялап отырмыз. Өткен тәулiкте Есiл өзенiнiӊ деӊгейi 34 сантиметрге көтерiлдi. Облыс бойынша 171 үйге су кiрдi, ал су басқан аулалар одан көбiрек. Су тасқынынан зардап шеккен үйлер негiзiнен Былғары зауыты аумағында, Заречный кентiнде және Қызылжар ауданында орналасқан",-дедi қалыптасқан жағдай туралы сөз қозғаған Құмар Ақсақалов.

Өӊiр басшысы тұрғындарды қауiпсiз жерге көшiру жалғасып жатқанын. құтқару жұмыстары түнде де жүргiзiлетiндiгiн атап айтты. Ешкiм зардап шекпес үшiн қажеттi жағдайлардыӊ бәрi жасалуда.

"Бүгiн Есiл өзенiне тағы су құйылады деп күтудемiз. Су құйылу тоқтағаннан кейiн, елдi мекенге су кiрген учаскелердi жабамыз. Содан кейiн ондағы суды бар күш-жiгермен сора бастаймыз. Бұл бағытқа барлық техникалар жұмылдырылатын болады",-дедi Құмар Iргебайұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны