14.04.2011, 12:51 4310

Есімов Алматы қаласының әкімі лауазымын сақтап қалды

Есімов Алматы қаласының әкімі лауазымын сақтап қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - сәуір. Kazakhstan Today - Есімов Алматы қаласының әкімі лауазымын сақтап қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматыда мегаполистің жаңа әкімін таныстырды - ол Ахметжан Есімов болды. Бұл туралы Премьер Twitter жеке бетінде хабарлады.

"Алматы - айырықша қала. А.С.Есімов шаһарға әкім болып қайтадан лайықты тағайындалды", - деді К.Мәсімов.

Ахметжан Смағұлұлы Есімов - Алматы облысында 1950 жылы 15 желтоқсанда туған. Ұлты қазақ.

Қазақ ауыл шаруашылық институтының механика факультетін "Ауылшаруашылығы өндірісін механикаландыру процесі" мамандығы бойынша (1974); кейін Ресей Қоғамдық ғылымдар Академиясының әлеуметтік-саясат факультетін "Илеуметтік - саяси қатынастар" мамандығы бойынша (1991) бітірген. Нарықтар мен компаниялар ғылымдарының докторы (1999).

1990 жылдан - ҚазССР Госагропром төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан - Алматы облысы әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан - Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары. 1996 жылдан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-инвестиция жөніндегі Мемлекеттік комитеттің төрағасы. 1998 жылдан - Қазақстан Республикасы Президенті Икмішілігінің басшысы. 1998 жылдан Қазақстан Республикасының Бенилюкс елдеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі.) Төтенше және Өкілетті елшісі. ЕС және НАТО-да Қазақстан Республикасының Өкілділігін басқарды.

2001 жылдан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі. 2002 жылдан - премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі. 2004 жылдан-Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары. 2006 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі. 2008 жылдың сәуірінен - Алматы қаласының әкімі. 2008 жылдың қазанынан - "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының төрағасы.

Фото: quorum.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны