07.08.2015, 16:55 3739

Есірткімен ұсталды

Батыс Қазақстан облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан тұлғаны анықтады.

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан тұлғаны анықтады. Есірткі заттарын сатып, пайда таппақшы болған Селекционный ауылыныӊ 31 жасар тұрғыны бірнеше адамға есірткі сату кезінде құрықталды. Тексеріс кезінде сіріӊке қорабына салынған есірткі заттары табылып, тәркіленді. Оныӊ сараптама нәтижесі бойынша арнайы спецификалық иісі бар "кептірілген марихуанна" екені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ніӊ 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны