30.06.2008, 16:08 3105

Ескірген ұялы телефондарды пайдалы жарату жөніндегі техникалық нұсқаулар жиынтығы қабылданды

Ескірген ұялы телефондарды пайдалы жарату жөніндегі техникалық нұсқаулар жиынтығы қабылданды

Алматы. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қатерлі қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды бақылау және оларды жою жөніндегі Базель конвенциясына біріккен елдердің 9-шы конференциясына қатысушылар ескірген ұялы телефондарды пайдалы жарату жөніндегі техникалық нұсқаулар жиынтығын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияға қатысушылар конвенцияны қолдайтындығы жөнінденгі Бали декларациясын мақұлдап, істен шыққан ұялы телефондарды пайдалы жарату жөніндегі техникалық нұсқаулар жиынтығын қабылдады және пайдаланылған компьютерлерге қатысты осындай ережелердің жобасын жасау жөнінде бастама көтерді.

Базель конвенциясында қатерлі және басқа да қалдықтар қазіргі бар халықаралық келісімдерге сәйкес трансшекаралық тасымалдануға тиіс екендігі, сондай-ақ, ол қалдықтар экологиялық негізді тәсілмен өңделген жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етілуге тіис екендігі көрсетілген. Құжзатта қатерлі қалдықтардың тізімі келтірілген. Конвенцияға 1989 жылдың 22 наурызында қол қойылып, 1992 жылдың 5 мамырында күшіне енді. Бүгінгі күні оған 170 мемлекет біріккен.

ЮНЕП мәліметінше, жыл сайын 20 - 50 млн тонна электрондық қалдықтар өңделмей, қоқыстарға тасталады. Тек АҚШ-та жыл сайын 14 - 20 млн компьютер тасталады, оларда қорғасын, мырыш секілді улы заттар бар. Бали кездесуіне қатысушылар сонымен бірге істен шыққан жүздеген тонна компьютерлерден 39 тонна болат пен мыс, алюминий және алтын секілді 21 тонна басқа да металл алуға болатынын атап өтті.

Биыл дүниежүзінде ұялы телефондарды тұтынушылар саны 3 млрд адамға жетті. Мұндай бірінші телефон 1970 жылы пайда болған. 2004 жылы олардың саны 1,76 млрд-қа жетті. Тиісінше, "мобильді қалдықтардың" көлемі де арта түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны