02.08.2012, 14:49 6884

ЕурАзЭҚ аясында ұлттық телемедицина жүйесін біріктіру жоспарлануда

Бүгін Астанада Еуразия экономикалық қоғамдастығына (ЕврАзЭҚ) мүше мемлекеттерде телемедицина жүйесін дамыту бойынша Жұмыс тобының отырысы өтті.

Астана. 2-тамыз. Kazakhstan Today - ЕурАзЭҚ аясында ұлттық телемедицина жүйесін біріктіру жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанада Еуразия экономикалық қоғамдастығына (ЕврАзЭҚ) мүше мемлекеттерде телемедицина жүйесін дамыту бойынша Жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырысқа ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті Хатшылығының қызметкерлері, Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ақпараттандыру департаменттерінің, Денсаулық сақтауды дамыту және ақпараттық технологиялар орталықтарының, сондай-ақ Медициналық технологиялар ұлттық ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің үйлесімді ұлттық телемедицина жүйесін құру және дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім жобасына енгізілетін қосымшалар мен толықтыруларға байланысты мәселелер талқыланды.

Жиынға қатысушылар келісім жобасын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны