05.10.2018, 16:16 5638

Еуропалық одақ "Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру" жобасыныӊ (EUCJ) үш жылдық нәтижелерін таныстырды

Сарапшылар EUCJ жобасыныӊ осы және басқа нәтижелерін, сот және құқық қорғау жүйесін одан әрі дамытудыӊ стратегиясын 4 қазан күні "Қазақстандағы қылмыстық әділ сот келешегі: ізгілендіруден өзгерістерді басқаруға өту" тақырыбындағы халықаралық конференцияда талқылады.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде Еуропалық одақтыӊ "Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру" жобасыныӊ (EUCJ) үш жылдық нәтижелері туралы баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігініӊ ынтымақтастық бөлімініӊ басшысы Йоханнес Стенбек Мэдсен, EUCJ жобасыныӊ басшылары Сәуле Мектепбаева және Билл Мейзер, сонымен қатар Тильбург университетініӊ виктимология профессоры Ян Ван Дайк қатысты.

EUCJ жобасыныӊ мақсаты - Қазақстан үкіметіне халықаралық стандарттарға сәйкес қылмыстық сот төрелігін реформалауға көмектесу. Баспасөз мәслихаты барысында EUCJ жобасыныӊ стратегиялық жетекшісі Билл Мейзер қазақстандық серіктестері - Жоғарғы Сот, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясымен және Ішкі істер министрлігініӊ Қостанай Академиясымен келісілген жобаныӊ барлық міндеттерін мерзімінен бұрын аяқтағанын атап өтті.

"Жоба шеӊберінде жоспарланған міндеттерден басқа, біз серіктестерге даму үшін тиімді өзгерістерді басқару әдіснамасы мен жүйесін енгізуге көмектестік. EUCJ - Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне және тиісті академияларға институционалдық өзгерістер саласында сараптамалық қолдау көрсететін алғашқы жоба", - деп ОКҚ баспасөз мәслихатында жобаныӊ операциялық жетекшісі Сәуле Мектепбаева айтты.

Жаӊа форматтағы прокуратура құруға мақсат қойған Өзгерістер бағдарламасы нәтижесінде "Прокуратура туралы" жаӊа заӊда бекітілген бірқатар үлкен өзгеріс орын алды. "Құқық қорғау қызметтері орталығы", "Халық қауіпсіздігі мен құқық қорғау органдарына сенім" зерттеуі, "Азапсыз қоғам" ортақ жобалары, кадрлық және байланыстық өзгерістер жүзеге асырылды. EUCJ жобасы ІІМ-ге полиция модернизациясы стратегиясын құрастыруда және 27 бас жобаны анықтауда қолдау көрсетті. Жоғарғы сотпен атқарылған ортақ жұмыстыӊ нәтижесінде, сот жүйесініӊ дамуы және коммуникациялық стратегия бойынша 7 бағдарлама әзірленді. EUCJ-мен серіктестік барлық аталған үш органға өз жобалық кеӊселерін ашуға мүмкіндік берді.

Қазақстандық пробацияныӊ еӊ үздік модельдерін іздестіруде, ҚАЖК заӊ бұзушылардан туындайтын қатерді бағалау жүйесін және пробация офицерлерініӊ сотпен жұмыс істеу механизмдерін алғаш рет EUCJ жобасы қолдауымен сынақтан өткізді. Жалпы алғанда, мемлекеттік органдардағы өзгерістерге қатысты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге 60-тан аса жоғары білікті EUCJ сарапшылары қатысты. Ірі социологиялық және эмпирикалық зерттеулер жүргізілді. Сондай-ақ, ҚАЖК, Құқық қорғау органдары академиясына және Ішкі істер министрлігініӊ Қостанай Академиясын оқытуға арналған жаӊа жабдықты сатып алынды.

Сарапшылар EUCJ жобасыныӊ осы және басқа нәтижелерін, сот және құқық қорғау жүйесін одан әрі дамытудыӊ стратегиясын 4 қазан күні "Қазақстандағы қылмыстық әділ сот келешегі: ізгілендіруден өзгерістерді басқаруға өту" тақырыбындағы халықаралық конференцияда талқылайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны