18.05.2012, 09:04 3065

Facebook акциялары қор биржасына шығарылды

Изірге ол өзінің жай акциясының біреуіне 38 доллар баға белгілеп отыр.

Астана. 18-мамыр. Kazakhstan Today - Ғаламтордағы өзара байланыс көкжиегін кеңейтуге үлес қосқан Facebook компаниясы өз акцияларын Нью-Йорк қор биржасына шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Изірге ол өзінің жай акциясының біреуіне 38 доллар баға белгілеп отыр.

Құнды қағаздарды орналастырғаннан кейін компанияның жалпы құны 100 миллиард долларға жетеді деген болжам бар. Өйткені, өз акцияларына сұраныстың үлкен екенін түсінетін Facebook биржаға 421 миллион дана акция шығармақ. Мұның өзі акцияларды сатудың тарихтағы ең ірі оқиғасы болып отыр. Айта кетер жайт, ғаламторда адамдардың өзара байланысып отыруына жағдай жасаған Facebook компаниясы жылына өз қызметін пайдаланушы әр адамнан орта есеппен 5 доллар пайда көріп отырады.

Соңғы деректерге қарағанда, әлем бойынша Фейсбук қызметін 900 миллион адам пайдаланады. Ал өткен жылы компанияның таза табысы 1 миллиард долларға жеткен. Facebook компаниясы осыдан 8 жыл бұрын құрылған болатын. Ол негізінен жас миллиардер Марк Цукербергке тиесілі. Экономикалық сарапшылар биржада компаниялардың акцияларының бағасы әрқашан жоғары бола бермейтінін еске салады.

"Біз биржада әртүрлі өзгерістерге куә болып отырамыз. Оның ең айқыны сол, технологиялар мен адамдардың қалауы өзгеріп отырады және кей кезде бұл ретте күрт өзгерістер болады. Сондықтан, Фейсбуктың алдында не өзгерістер күтіп тұрғанын және сол кезде оның не істейтінін көре жатармыз",- деп мәлім етті экономикалық сарапшы Скотт Кесслер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны