05.08.2020, 22:57 5005

FlyArystan мен QAZAQ AIR жаңа аймақтық бағыттарды ашады

FlyArystan мен QAZAQ AIR жаңа аймақтық бағыттарды ашады

Алматы. 5 тамыз. Kazakhstan Today - Еліміздің бюджеттік әуекомпаниясы FlyArystan ішкі әуетасымал нарығын дамытып, бүкіл Қазақстанның аймақтарын байланыстыру арқылы өзінің бағдарлар кестесін кеңейтуде. Олардың көбісі бұрын-соңды болмаған рейстер. Енді бұл қалалар тұрғындары жер үсті көліктерімен қатар, қолжетімді бағаға 180-орынды эконом класстағы Airbus A320 ұшақтарымен жайлы сапарларын орындай алатын болады. Егер бұрындары аймақтар өзара Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалалары арқылы әуеқатынас орнатса, 28 тамыздан бастап келсі бағыттар бойынша тікелей рейстер ұсынылады:

1.Қарағанды-Шымкент- Қарағанды,

2.Қарағанды -Атырау- Қарағанды,

3.Қарағанды -Ақтау- Қарағанды,

4.Атырау-Қостанай-Атырау,

5.Атырау-Қызылорда-Атырау

6.Шымкент- Қостанай -Шымкент,

7.Шымкент-Өскемен-Шымкент және

8.Шымкент-Павлодар-Шымкент.

Атырау, Шымкент пен Қарағандыдан жаңа аймақтық бағыттардың ашылуына байланысты, FlyArystan 2020 жылдың 28 тамызынан бастап орындалатын рейстерге 20% жеңілдік ұсынады.

Сатылым кезеңі - 5-7 тамыз аралығы, билеттерді flyarystan.com, мобильді қосымшада немесе туристтік агенттіктерде алуға болады.

Алғашқы отандық лоукостердің бағалары келесі бағыттарға одан да арзан болмақ:

4999 3999 теңгеден бастап:

Атырау- Ақтау -Атырау (жеңілдіктер 20 тамыздан қолжетімді)

Атырау-Орал-Атырау

Атырау-Ақтөбе-Атырау (жеңілдіктер 20 тамыздан қолжетімді)

6999 5999 теңгеден бастап:

Қарағанды -Шымкент- Қарағанды

Атырау- Қостанай -Атырау

Атырау-Кызылорда-Атырау

7999 6999 теңгеден бастап:

Шымкент- Қостанай -Шымкент

Шымкент-Павлодар-Шымкент

Шымкент- Өскемен -Шымкент

11999 8999 теңгеден бастап:

Қарағанды -Атырау- Қарағанды

Қарағанды - Ақтау - Қарағанды (жеңілдіктер 20 тамыздан қолжетімді)

*Аталмыш бағаға билеттер науқан кезінде ғана қолжетімді. Науқан билеттерінің саны шектеулі. Біржақты билет құны кездейсоқ орын мен 5 кг (56*36*23 см) қолжүгін қамтиды. Жолаушы қажетіне қарай жолжүк, тағам мен қалаған орынды таңдау қызметтері бөлек сатып ала алады. Науқан туралы бірінші болып білгіңіз келсе, мобильді қосымшаны жүктеп алуға кеңес береміз.

Операциялық жұмыс басынан бюджеттік компания 1 миллион 300 мың жолаушыны тасып үлгерді. Естеріңізге сала кетсек, FlyArystan әуелайнерлері Алматы мен Нұр-Сұлтан бекеттерінен орындап жүрсе, биыл жазда оларға Атырау, Шымкент пен Қарағанды әуеайлақтары да қосылған болатын.

Ал QAZAQ AIR Алматы - Үшарал жаңа рейсін ашады.

QAZAQ AIR Қазақстанда ішкі рейстердің кеңеюі туралы хабарлайды. 9 тамыздан бастап Алматы - Үшарал әуе қатынасы ашылады. Енді Алакөл көліне жету оңайырақ.

Жаңа әуе бағыты ойынша аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) екі қала арасында ұшақ қатынайтын болады. Билет бағасы 12 841 теңгеден бастап. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік

Алматы (11:25) - Үшарал (12:20)

Үшарал (09:50) - Алматы (10:40)

Үшарал қаласына келген соң, көлдің өзіне шамалы ғана жүру керек. Бірінші және жақын жер көптеген туристік орталықтар және турбазалар орналасқан Ақши кенті болады.

Әуекомпания Қазақстан ішіндегі бағыттарды көбірек қамтуға тырысады. Осылайша, қазақстандықтар еліміздің өңірлері арасында ыңғайлы және қол жетімді бағамен саяхаттай алады.

Рейстің қазіргі талаптары - маска режимі, әлеуметтік қашықтық және әуежайда температураны тексеру.

Әлеуметтік байланыстарды азайту және әуежайда күту үшін сізден www.flyqazaq.com веб-сайты арқылы алдын-ала онлайн тіркелуді сұраймыз.

Әрбір жолаушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету QAZAQ AIR авиакомпаниясының ерекше басымдығы.

Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан брондаңыздар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны