06.03.2012, 12:02 3518

Францияда қалың жауған қардан мыңдаған үй жарықсыз қалды

Электр жарығымен қамтамасыз етуді қалпына келтіру үшін 250- дей маман жұмыс істеуде. Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан Лилль әуежайының ұшу-қону алаңы жабылып, ондаған рейстер ұшпай қалды.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Францияда қалың жауған қардан мыңдаған үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Францияның солтүстігіндегі Па-де-Кале және Нор департаменті аумағында жауған қалың қардан 120 мыңдай тұрғын-үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Электр жарығымен қамтамасыз етуді қалпына келтіру үшін 250- дей маман жұмыс істеуде. Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан Лилль әуежайының ұшу-қону алаңы жабылып, ондаған рейстер ұшпай қалды.

Сондай-ақ, аймақтағы тас жолдарды да қар басты. Қазірдің өзінде аймақта қар жапалақтап жауып жатыр. Бельгияның батыс аудандарында да жағдай осындай. Мұнда да кеше кешкісін 100 мыңдай тұрғын-үй жарықсыз отырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны