28.03.2011, 15:24 3391

"Фукусима" АЭС қуат блогындағы судың радиация деңгейі тиісті мөлшерден 100 мың есеге артық

"Фукусима" АЭС қуат блогындағы судың радиация деңгейі тиісті мөлшерден бұрын хабарлағандай 10 млн есеге емес, 100 мың есеге артық, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 28 - наурыз. Kazakhstan Today - "Фукусима" АЭС қуат блогындағы судың радиация деңгейі тиісті мөлшерден бұрын хабарлағандай 10 млн есеге емес, 100 мың есеге артық, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Фукусима-1" АЭС операторы Tokyo Electric Power Company (TEPCO) станциядағы екінші қуат блогындағы судағы радиация деңгейін қайталап тексерген.

Тексеру нәтижесі бойынша, радиация деңгейі тиісті мөлшерден бұрын хабарлағандай 10 млн есеге емес, 100 мың есеге артық екендігі белгілі болған. Бұл туралы РБК ақпараттық агенттігі Kyodo News сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны