11.06.2008, 10:35 1428

Германия азаптау оқиғаларын қарастыру және тергеу жөніндегі жобаны қолдау үшін Қазақстанға 5 млн теңге бөлді

Германия азаптау оқиғаларын қарастыру және тергеу жөніндегі жобаны қолдау үшін Қазақстанға 5 млн теңге бөлді

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР омбудсмені "Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюро" жанындағы азаптау оқиғаларын қарастыру және тергеу жөніндегі жұмыс тобын қолдау" жобасын жүргізу үшін Германия Федеративтік Республикасы 5 млн теңге бөлді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ГФР-ның Алматыдағы бас консулдығының хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Кеше "Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросының" жетекшісі Евгений Жовтис және ГФР бас консулының міндетін атқарушы Юлия Гросс Германия үкіметінің адам құқықтары және ізгілік көмек жөніндегі уәкілетті өкілі Гюнтер Ноке мен Германия бундестагының депутаты Арнольд Ватцның қатысуымен өткен кездесуде жобаны жүзеге асыру үшін грант бөлу жөніндегі келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны