18.05.2018, 13:22 7220

"Ғылым қоры" АҚ өнеркәсіптік іске асыруға мемлекеттік гранттар алған ғылыми жобаларды таныстырды

Бүгінгі таӊда жалпы алғанда, 44 басым бағыт бойынша 96 жобаға грант бөлініп отыр

Астана. 18 мамыр Kazakhstan Today - Астана Медицина Университетінде өткен конференцияда "Көкшетау минералды сулары" АҚ "Ғылымқоры" АҚ-мен бірлесіп Бурабай аймағындағы өндірілген табиғи "жеӊіл" судыӊ таралуына және ғалымдардыӊ пікірі бойынша өмірді ұзартуға ықпал ететін жобаны ұсынды.

Жеӊіл су бұл - ғылыми түсінік. Бұндай суларға құрамында дейтерий мөлшері аз сулар жатады (Антарктика мұздықтарыныӊ суы еӊ жеӊіл су - 89 мг / л, әлемдегі еӊ танымал брендтердіӊ суы - 144-148 мг / л, құбыр суы - 150 мг / л, Turan - 133 мг / л).

Конференция барысында "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасы Инуарбек Сұлтанғазин өнеркәсіптік іске асыруға мемлекеттік гранттар алған өмір сапасын жақсарту бойынша ғылыми жобаларды ұсынды: "Ирбір жоба (грант берілу үшін Ғылым Қорымен қарастырылатын) отандық ғалымдардыӊ ғылыми зерттеулерініӊ нәтижесі болып табылады және Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан Республикасы халқыныӊ өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі міндеттерін шешуге бағытталған. Бүгінгі таӊда жалпы алғанда, 44 басым бағыт бойынша 96 жобаға грант бөлінді. Олар: медициналық препараттар, жабдықтар мен бағдарламалар - медициналық-профилактикалық тыныс алу симуляторы, электрокардиограммаларды декодтау және түсіндірудіӊ автоматтандырылған жүйесі - ЭКГ-сервис; денсаулыққа арналған тағам өнімдері: ұзақ өмір сүруге арналған "НИР" қышқыл сүт синтиоты, қымыздан жасалған шоколад, құрғақ сиыр сүті және "жеӊіл" табиғи TURAN ауыз суы".

"Жеӊіл" су - табиғатта сирек кездесетін құбылыс, бірақ Қазақстанда ол бар, Көкшетау Минералды Сулары кәсіпорны өндіреді. АҚШ-тыӊ Федералды Эпидемиологиялық Қызметініӊ деректері бойынша (өткен ғасырдыӊ ортасынан бастап АҚШ пен Ресейдегі әлемніӊ ірі ғарыштық мемлекеттері ғарыш аппараттарынан кейін ғарышкерлер денсаулығын жеӊіл су арқылы қалпына келтіріп, емдеу жағын зерттеуде), жеӊіл су депрессияны10 пайызға, қант диабетін 38 пайызға, ишемиялық ауруды 25%, инсультті 37%, гипертония және миокард инфарктісін 22% төмендетеді. Өздеріӊіз білетіндей, барлық белгілі аурулардыӊ 60% -ы сапасы нашар ауыз су тұтынудан туындайды, ал сапалы суды тұтыну адам өмірін ұзартуға ықпал етеді. Меніӊ өзім де осы жеӊіл суды ішемін".

"Ғылым қоры" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2006 жылғы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ бөлімінде құрылды. Ғылым қоры елдегі ғылыми зерттеулердіӊ практикалық іске асырылуын қамтамасыз ететін басымдықты, белсенді, тәуекелді зерттеулер мен әзірлемелерді дамытуға ықпал етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны