18.09.2009, 10:06 1475

Ғылым мен техника саласындағы 2009 жылғы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Ғылым мен техника саласындағы 2009 жылғы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Астана. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақордада кеше мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Ғылым мен техника саласындағы 2009 жылғы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия отырысында Қ. Саудабаев атап өткендей, "мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес комиссияның міндеті біздің елде, сондай-ақ дүние жүзінде ғылымның дамуына маңызды үлес қосып жатқан отандық ғалымдардың жоғары әлеуетін көрсететін анағұрлым лайықты және серпінді ғылыми жұмыстарды таңдау болып табылады".

Регламентке сәйкес Мемлекеттік сыйлық отандық ғалымдардың еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылады және Елбасы республика азаматтарына ұлттың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелері, қоғамға кеңінен танылған бір саладағы ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстары, техниканың, материалдар мен технологиялардың әлемдік аналогтары деңгейіндегі немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны, мемлекеттік құпияларға қатысты мәліметтері бар экономиканың түрлі салаларында технологиялық үрдістер, жаңа бұйымдар жасағаны және өңдегені үшін беріледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жұмыстарды мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу, сараптамалық-аналитикалық бағалау және жұмыстарды қоғамдық талқылау жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізді.

Ағымдағы жылғы алдын ала іріктеу нәтижесінде ұсынылған 16 жұмыс қатарына үшеу іріктеліп алынды: "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Ядролық Физика Институтының жетілдірген эксперименттік ядро-физикалық қондырғылары негізінде ядролық және радиациялық физика саласындағы іргелі зерттеулер", "Қазақстанның минерагениясы мен минералды шикізат қорларын дамыту болашағы", "Еркін алгебралардың автоморфизмдері мен ішкі алгебралары". Бірнеше айдың ішінде осы жұмыстар еліміздің және шетел ғылыми ортасында және баспаларында талқыланды.

Комиссия отырысында сарапшылардың қорытындысын және қоғамдық пікірлерді есепке ала отырып, жасырын дауыс беру нәтижесінде алдын ала сұрыптаудан өткен 3 жұмыстың ішінен Мемлекеттік сыйлықты беруге ҚР президентінің қарауына ұсыну үшін жұмыстар таңдалды. Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы мемлекет басшысының шешімі және лауреаттарға тапсыру Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны