01.10.2008, 14:38 1483

Грузия мен Қазақстан арасында медицина мамандарын алмасу саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды

Грузия мен Қазақстан арасында медицина мамандарын алмасу саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды

Алматы. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Грузия мен Қазақстан арасында медицина мамандарын алмасу саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Бұл туралы Грузияның бірінші ханшайымы Сандра Элисабет Рулофс Изербайжан және Қазақстан Республикаларына жасаған бес күндік сапарының қорытындысы бойынша бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз мұнда, әсіресе, Астанада мамандар тапшы деп естідік. Грузияда тәжірибе де, артық мамандар да бар. Сол себепті өзара мамандар алмасу жайын ойластыруға болады", - деді С. Рулофс.

Сондай-ақ, мәлім болғанындай, Астанада ҚР денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновоймен кездесуде денсаулық сақтау жүйесі, жұқпалы аурулармен күрес, соның ішінде құрт ауруының түрлерімен күрес, бала мен ананың өлімі, онкологиялық ауруларға ерте диагноз қою мәселелері талқыланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны