20.12.2006, 17:24 2780

"GSM Kazakhstan" 2007-жылдың қаңтар айының аяғынан бастап баға арзандатылатынын хабарлады

АЛМАТЫ. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында "GSM Kazakhstan" өкілдері 2007-жылдың қаңтар айының аяғынан бастап компанияның "K'cell" және "Activ" абоненттері үшін бағаны арзандататынын мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2007-жылдың қаңтар айының аяғынан бастап түрлі тарифтік жоспарлардың толық жиынтығы біруақытта және мәңгілікке қолданысқа енгізіледі. Ол біздің тұтынушыларға өздері қалаған тарифтік жоспарды таңдап, біздің байланысты тұрақты тұтына алу мүмкіндігін береді",- деп мәлімдеді "GSM Kazakhstan" компаниясының бұқарамен байланыс жөніндегі менеджері Қуат Домбай.

Қ.Домбайдың айтуынша, компания "түрлі мақсатты топтарға бағышталған" бес тарифтік жоспарды енгізбекші. Мәселен, ұялы телефондардың номерлері мен қалалық телефон номерлері бойынша біртұтас тариф енгізілсе, студенттер SMS -хабарламаларын арзандатылған тарифпен жібере алады. "Атап айтсақ, студенттер ендігі жерде бір SMS -хабарламасы үшін 3 теңге төлейді", деді ол.

"GSM Kazakhstan" өкілінің мәліметінше, тұтастай алғанда, тарифтік жоспарларда "K'cell" және "Activ" тарифтеріне байланысты бағаны 10-90 процентке дейін төмендету межеленген.

"Бұл қадамдардың барлығы біздің компанияға ұялы байланыс қызметін тұтынушылар арасында пайда болған ауқымды сегменттерге қатысты мейлінше сан алуан көзқарас ұстануға мүмкіндік береді. Және баға бұрынғыдан біршама арзан",- деді Қ.Домбай.

"GSM Kazakhstan" өкілі ұялы байланыс қызметі бағаларының арзандатылу себептерін "тиісті техникалық мүмкіндіктермен" және "түрлі тұтынушы топтар арасында әр алуан тарифтер енгізуге компанияға мүмкіндік беретін нарықтағы обьективті жағдайлармен" байланыстыра түсіндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны