11.10.2012, 13:27 3415

Х Еуразиялық медиа форум өз жұмысын бастады

Форум барысында терроризммен күрес, "Араб көктемі", Иранның ядролық бағдарламасына байланысты дау-дамай шеңберіндегі Қазақстанның антиядролық бастамасы талқыланады. Сонымен қатар, Еуроодақтағы экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени дағдарыс, Кеден одағы аясында экономикалық ықпалдасу амалдарын әрі қарай дамытудың ерекшеліктері де сөз болмақ.

Астана. 11-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада мерейтойлық Х Еуразиялық медиа форум өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Форум барысында терроризммен күрес, "Араб көктемі", Иранның ядролық бағдарламасына байланысты дау-дамай шеңберіндегі Қазақстанның антиядролық бастамасы талқыланады. Сонымен қатар, Еуроодақтағы экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени дағдарыс, Кеден одағы аясында экономикалық ықпалдасу амалдарын әрі қарай дамытудың ерекшеліктері де сөз болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық Медиа Форум (ЕАМФ) - әлемдегі жетекші журналистердің, саясаткерлердің, қоғамдық пікір көшбасшылары мен медиа-эксперттердің жыл сайынғы кездесуі. Ол биыл Астанада алғаш рет өтіп жатыр. Форумға әлемнің 40 елінен 450-ден астам делегат қатысуда.

Шара барысында Астанада ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына жолдаған құттықтау сөзін оқып берді.

"10 жылдың ішінде Еуразиялық медиа форум қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылауға арналған ғаламдық деңгейдегі диалог алаңына айналып отыр. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, дүниежүзілік медиа қауымдастық өкілдері үшін де өте маңызды оқиға. Форум алаңында бүкіл әлемнің бас сарапшылары ХХІ ғасырдың келелі мәселелеріне төтеп бере алатын өздерінің интеллектуалдық ой-пікірін білдіреді. Ақпараттық бүкіләлемдік қолжетімділік пен ашықтық дәуірі келген кезде БАҚ-қа қойылатын талаптарды күшейтіп, қоғам алдындағы моральдік жауапкершілігін арттырады. Х Еуразиялық медиа форум журналистер, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің геосаясат пен медиа саласындағы мәселелерді шешу жолындағы күштерін біріктіретініне сенімдімін", - делінген Н.Назарбаевтың құттықтау сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны