22.07.2015, 12:29 3064

Халықты Жеке зейнетақы шотыныӊ жай-күйі туралы хабарландыру тәсілдері

"ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес БЖЗҚ салымшыларға жылына кемiнде бiр рет оныӊ зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйi туралы ақпарат беруге мінде

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - "ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес БЖЗҚ салымшыларға жылына кемiнде бiр рет оныӊ зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйi туралы ақпарат беруге міндетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жеке зейнетақы шотыныӊ (ЖЗШ) жай-күйі туралы жыл сайынғы ақпаратты алу тәсілін салымшыныӊ өзі ЖЗШ ашу туралы өтінішке не хабарлау тәсілін таӊдау туралы қосымша келісімге қол қойған кезде анықтайды. Бұл ретте салымшы төмендегі хабарлау тәсілдерініӊ бірін таӊдай алады:

- салымшыныӊ электрондық мекенжайына хабарлама жіберу;

- "БЖЗҚ" АҚ-ға салымшыныӊ өзініӊ келуі;

- Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу;

- пошта арқылы (көрсетілген пошталық мекенжайға) алу.

БЖЗҚ-ныӊ салымшыға беретін зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі туралы ақпарат сұратылған кезеӊніӊ басындағы және соӊындағы жағдай бойынша жинақтар сомасы мен есептелген инвестициялық табыс сомасы туралы; сұратылған кезеӊніӊ соӊындағы инвестициялық табыс пен зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы көлемі туралы; сұратылған кезеӊ ішіндегі күндері көрсетілген зейнетақы жарналары, өсімпұл, аударымдар, зейнетақы жинақтарыныӊ төлемдері және (немесе) ұсталған жеке табыс салығыныӊ сомасы туралы мәліметтерді қамтиды.

Салымшы өзініӊ ЖЗШ жай-күйі туралы толығырақ ақпарат алу үшін төменде аталған тәсілдердіӊ кез келгенін таӊдай алады:

- "БЖЗҚ" АҚ-ға салымшыныӊ өзініӊ келуі;

- Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу;

- берілген логин мен парольді немесе ХҚО-дан алған электрондық цифрлық қолтаӊбаны қолдана отырып, қордыӊ www.enpf.kz ресми сайты арқылы алу;

- e-gov.kz электрондық үкімет сайты арқылы алу;

- ұялы құрылғыларға арналған БЖЗҚ арнайы қосымшасы арқылы алу.

Салымшы үзінді көшірме жасау үшін кез келген кезеӊді қоя алады (бір күннен бастап бірнеше жылға дейін).

Онлайн сервистер (БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz), электрондық үкімет (www.e-gov.kz) немесе ұялы қосымша) арқылы үзінді көшірме алу кезінде салымшыға өз шотыныӊ жай-күйі туралы өзекті деректерді аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойына онлайн түзімінде алу мүмкіндігі беріледі.

ЖЗШ-дан үзінді көшірме ақысыз беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны