31.01.2007, 16:06 6480

Халқының нақты табысы бойынша Астана Республика көлемінде үшінші орында

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Астана халқының нақты табысы бойынша ел аймақтарының арасында үшінші орынды иеленуде. Бұл туралы бүгін қала әкімі Асқар Мамин халыққа есеп берген кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Халықтың нақты табысы өскен, қазіргі жұмысшылардың орташа жалақысы 60 мың теңгені құрап отыр", - деді А. Мамин. "Осы көрсеткіш бойынша елорда еліміздегі орасан зор шикі және экономикалық мүмкіндіктері бар Атырау мен Маңғыстау облыстарынан кейінгі үшінші орынға табан тіреді",- деді ол.

Сонымен қатар, әкім ағымдағы жылы "еңбекпен қамту және кәсіби дайындық жөніндегі, сондай-ақ реаблитациялық мекемелердің материалдық базаларын нығайту жөніндегі қосымша шараларды қамтамасыз етуге бағытталған көмектерді кеңейту қарастырылғанын" атап өтті. Оның сөзіне сүйенсек, осы жылы халықты әлеуметтік қорғауға 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны