18.09.2009, 12:34 1524

Хитроу әуежайында бақылау қызметі 28 млн евро тұратын героин партиясын тапты

Хитроу әуежайында бақылау қызметі 28 млн евро тұратын героин партиясын тапты

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Лондондағы Хитроу әуежайында бақылау қызметі 28 млн евро (25 млн фунт стерлинг) тұратын героин партиясын тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Иуежай өкілдерінің назары Оңтүстік Африкадан келген сувенирлерге ауған. Тексеру нәтижесінде жүктің ішінде 165 килограмм героин болғаны анықталды, деп хабарлайды Sky news телеарнасы.

Сондай-ақ, есірткі тасыған жолаушылар тұрып жатқан үйді тексерген кезде тағы да 80 килограмм героин табылған. Қазір тексеру жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны