30.05.2020, 13:58 7673

Ақмола облысының әкiмi Жақсы, Жарқайың және Есiл аудандарында болды

Егiн егу барысын қарап шыққан облыс әкiмi жергiлiктi тұрғындарды жыл бойы жұмыспен қамту қажеттiгiнен назар аудартты.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Ермек Маржықпаев Жақсы, Жарқайың және Есiл аудандарында болды.

Жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкiмi Жақсы ауданының Белағаш ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысымен және орта мектептiң жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Объектiнiң құрылысын салу болашақ Олимпиада чемпиондарын дайындауға мүмкiндiк бередi.

Белағаш орта мектебiнiң жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 142 миллион теңге бөлiндi. Жұмыстар ағымдағы жылғы тамыз айында аяқталады. Өңiр басшысы мердiгерлерге объектiнi уақытында және сапалы тапсыруды, ал педагогикалық персоналға - оқу орнында бiлiм беру сапасын арттыруды тапсырды.

Одан әрi өңiр басшысы "Запорожье" ЖШС-де егiн егу жұмыстарымен танысты, онда 44 мың га аса алқапта дәндi және бұршақ дәндi дақылдар егу жоспарланған, соның iшiнде: бидай - 39 033, арпа - 4 199, сұлы - 801, жемдiк дақылдар - 268.

Егiн егу барысын қарап шыққан облыс әкiмi жергiлiктi тұрғындарды жыл бойы жұмыспен қамту қажеттiгiнен назар аудартты.

"Адамдар жыл бойы жұмыс iстеулерi қажет. Қазiр мал шаруашылығын дамытуымыз керек, оған қомақты қаржы бөлiнуде. Тауарөндiрушiлерге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, соның iшiнде тұқымдық және өнiмдiк сапасын арттыру үшiн субсидиялар төленуде. Соның iшiнде аналық бастарымен селекциялық және асылтұқымдандыру жұмыстар жүргiзу қажет. Бiз ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттiк қолдау шараларын жүзеге асыруға көмектесемiз". - дедi Е. Маржықпаев

Одан әрi, өңiр басшысы Жарқайың ауданында "Темирлан" ЖШС-де көктемгi егiн егу жұмыстарының барысымен танысты, ол егiстiкпен ғана емес мал шаруашылығымен де айналысады. Тасөткел ауылындағы сүт зауыты тәулiгiне 3-17 тонна өнiм өндiредi: сүт, айран, iрiмшiк, қаймақ, май. Сонымен қатар кәсiпорын өз қаржысы есебiнен ауылындағы мектеп ғимаратына және спорт залы бар мәдениет үйiне жөндеу жасады.

Ермек Маржықпаев Державинск қаласындағы 60 пәтерлi тұрғын үйдi реконтрукциялау барысымен танысты. Объект жыл аяғында тапсырылады, оған облыстық бюджеттен 265,8 млн. теңге бөлiндi.

Жарқайың ауданына сапарының алдында өңiр басшысына Державинск қаласының тұрғыны коммуналдық мәселе бойынша әлеуметтiк желi арқылы өтiнiш бiлдiрген. Облыс әкiмi бұл проблеманы өтiнiш иесiмен жеке отырып талқылады.

Степной көшесi, 5-үйдiң шатырынан су ағып жатыр.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберiнде интернаттың ғимаратына күрделi жөндеу, Ақпан Үкiбаев атындағы мектептiң қасбетiне ағымдағы жөндеу және қоршауын ауыстыру жұмыстары жүргiзiлуде. Оған 240 миллион теңге бөлiнген.

Ермек Маржықпаев Есiл ауданында "Ново-Приречное" ЖШС егiстiк алқаптары мен қырманында болды. Ол ауданның ең iрi ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң бiрi болып табылады. Жалпы егiстiк алқаптары 48 048 га құрайды. Шаруашылықтың тұқым өсiрушi мәртебесi бар.

Сонымен қатар, Есiл ауданында аудан орталығындағы қаланың №1 және №2 орта мектептерiне жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Ал Есiл аудандық ауруханасына биыл 70 миллион теңгеге реанимобиль және жаңа медициналық жабдықтар сатып алынды.

Аудан орталығында көше-жол желiсiн жөндеу жұмыстары жалғастырылуда. "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бойынша жобаларды жүзеге асыруға 50 миллион теңге бөлiндi. Жұмыстар мамыр айында аяқталады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны