20.10.2017, 18:30 6873

ІІ Республикалық жас архивистер байқауы өткізілді

Байқау сынақтарыныӊ нәтижелері бойынша жеӊімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен, сондай-ақ архив басылымдарымен: "Наши современники. Людмила Варшавская", "Градоначальники Алматы. 1877-2017 гг." тарихи-биографиялық анықтамалықпен марапатталды.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 19-20 қазанда Алматы қаласында ІІ Республикалық жас архивистер байқауы өткізілді.

Байқаудыӊ ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттама департаменті, Қазақстан Республикасы Президентініӊ архиві, Алматы қаласыныӊ Орталық мемлекеттік архиві.

Байқауды өткізудіӊ мақсаты архивист мамандығыныӊ мәртебесін көтеру, архив ісі саласындағы үздік мамандарды көтермелеу және озық тәжірибелерді тарату болып табылады.

Байқау екі кезеӊде өткізілді. 19 қазанда байқауға қатысушылар архивтік заӊнамалардан білімі бойынша тестілеуден өтті, содан кейін Алматы қаласыныӊ Орталық мемлекеттік архивініӊ ғимаратына экскурсия ұйымдастырлды. Экскурсия барысында қатысушылар суретші Евгений Сидоркинніӊ, фотограф Алим Хайдаровтыӊ жұмыстарымен, Всеволод Теляковскийдіӊ көркемөнер жұмыстарыныӊ экспозицияларымен танысты, мүсінші Павел Шороховтыӊ жұмыстары қойылған архив музейін аралады.

Сол күні электронды архив саласындағы соӊғы технологиялар көрсетілетін Қазақстан Республикасы Президентініӊ архивіне экскурсияға жасалды.

Байқауға 12 команда: Қазақстан Республикасы Президентініӊ архиві, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік Ғылыми техникалық құжаттама архиві, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік архивтерінен қатысты.

Қатысушылар архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық базалық білімдері бойынша, командалардыӊ сәлемдесуі мен үй тапсырмасы сияқты байқау сынақтарында өздерініӊ кәсібилігі мен шеберлігін көрсетті.

Байқау сынақтарыныӊ нәтижелері бойынша жеӊімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен, сондай-ақ архив басылымдарымен: "Наши современники. Людмила Варшавская", "Градоначальники Алматы. 1877-2017 гг." тарихи-биографиялық анықтамалықпен марапатталды.

Архивистер арасында байқауды өткізу архивист мамандығыныӊ қоғамдық мәртебесініӊ өсуін көтеруге ынталандыру және кәсіпқойлықты жетілдіруге, архив ісі саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға бағыттылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны