01.07.2020, 11:51 7956

Іле Алатауында экотуризмді дамыту жобасын Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес қолдады

Іле Алатауында экотуризмді дамыту жобасын Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес қолдады

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan Today - Іле Алатауында экотуризмді дамыту жобасын Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес қолдады.

Кеңестің құрамына қоғам белсенділері, экологтар, ғалымдар кіреді. Оның ішінде география ғылымдарының докторы Амангелді Сқақов, "Қазақстандық туристік қауымдастық" ЗТБ директоры Рашида Шәйкенова, ҚР Экотуризм федерациясының төрағасы Азамат Мүсәпіров, "Qazaq Geography" РҚБ экспедициясының ұйымдастырушысы Нұржан Алғашов жалпы барлығы 20-дан аса сарапшы бар. Бүгін олар Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамыту жөнінде инвестордың жасаған таныстырылымын тыңдап, өз қолдауларын білдірді.

Алматы Іле Алатауы ұлттық паркінің кеңсесіндегі бірқатар мүше онлайн режімінде қатысқан отырыстың басында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев 2020 жылғы 25 маусымда Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің қатысуымен бұл жобаны онлайн-талқылау өткенін еске салды. Оған қаладағы белгілі және беделді білікті кәсіби сарапшылар кіреді.

Жобаны ("Туранга груп" компаниясы) инвестор Александр Гужавин таныстырғаннан кейін, ол Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулері ескеріле отырып, қолдау тапты.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, инвестор барлық Экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелеріне жоба туралы тікелей ұлттық паркке бару арқылы айтуға дайын. Сапарлау орталығы қалай салынып жатқанын, пайдалануға берілген учаскелерді көрсетуге және сұрақтарға жауап беруге әзір.

Жоба белсенді тау туризмінің жаңа мәдениетін, экологиялық ойлауды қалыптастырудың жаңа әдістерін құруға бағытталғанын атап өту қажет. Оның үстіне Алматы агломерациясы халқы ұдайы өскендіктен, Іле Алатауы ұлттық паркіне жүктеме де артуда. Сарапшылар мен инвестордың өзі атап өткендей, тек қоқыс жәшігі мен әжетхана орнатып қою жеткіліксіз. Маңыздысы, бәрінен бұрын, халықты табиғатты ластамауға, оған құрметпен қарауға, белсенді жаяу туризмді насихаттауға үйрету қажет. Сонымен бірге, мемлекеттік саясат та ішкі және көшпелі туризмді дамытуға бағытталған.

Инвестор тағы да жиналғандарға ұлттық парктегі 34 жер учаскесі оған жалға емес, пайдалануға берілетінін еске салды. Сондықтан оған ешқандай құқықтық құжат берілмейді. Ұлттық паркпен арада заңнамада көрсетілгендей, тек пайдалану туралы шарт қана жасалған. Жоба аясында тегін әжетханалар, қол жуатын орындар, барлық топтағы және жастағы адамдарға арналған аяқжолдар салынады. Тауда түнейтін туристерге арнап, құрастырмалы жеңіл шатырлар бой көтереді. Ешқандай күрделі құрылыс салынбайды. Барлығына кіру тегін. Ешқандай қоршау тұрғызылмайды. Парк, туристік маршруттар, флора мен фауна туралы мәлімет арнайы туристерге арналған сапарлау орталығында ақысыз беріледі.

"Бұл жоба барлығымыздың паркпен қайта қауышуымызға, табиғатты сақтауға мүмкіндік береді, жайлылық, қуаныш сыйлайды," - деп атап өтті инвестор Александр Гужавин.

"Маған жоба өте ұнайды. Бұл қоқыс пен жабайы туризмнен гөрі жақсы", - деді тұсаукесерден кейін Қоғамдық кеңестің мүшесі, "Eco Fund Tabigat" қорының төрағасы Герман Чащин.

"Жобада ғылыми көзқарас қарастырылған", - деді Еділ Қазыханов, Кеңес мүшесі, техникалық ғылымдар докторы. - Соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетімен, университеттің география факультетінің туризм бөлімінің меңгерушісімен, ҚР БҒМ Зоология институтының директоры Роман Ященкомен, ҚР Ғылым академиясының География институтымен ынтымақтастық орнатылды.

Рекреациялық жүктемені есептеу әдістемесі әзірленіп, қазіргі уақытта экологиялық сараптамадан өтіп жатқандығы айтылды. Алайда, бұл мәселе бойынша нақты бірыңғай нормалар жоқ, әр елдің өз тәжірибесі бар. Сонымен, 4 жыл бұрын Іле Алатауы ұлттық паркінің 20-жылдығында айтылған сарапшылардың мәліметтері бойынша, 80-жылдары саябаққа келушілер саны 1,5 миллионға жеткен. Жоба иесінің айтуынша, өткен жылы Шымбұлаққа келгендер саны 650 мың адамды құраған. Ал Медеумен бірге бұл аймаққа келушілердің жалпы саны 2 миллионға жуық.

"Мен Александр Гужавиннің тұсаукесеріне бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Кемшін тұстарды іздедім, бірақ қазір бұл абсолютті дұрыс тәсіл деп ойлаймын", - деді кеңестің мүшесі, "Қазақстан Туризм қауымдастығы" ЗТБ директоры Рашида Шәйкенова. - Бұл жоба бізге қажетті, серпіліс және даму стратегиясы бола алады. Біздің ұлттық саябақтарда болып жатқан оқиғалардан бәріміз шаршадық. Бұған дейін біз туристік сұранысқа ие жерлерді белгілеу үшін бұл жобаға туризм бизнесінің қатысқысы келетінін айтқан болатынбыз. Туризм саласының бұған қызығушылық білдіруі жобаның дұрыс бағытына ықпал ете алады".

"Мен туристік қауымдастықпен ынтымақтастыққа ниеттімін", - деді инвестор өз кезегінде. - Қателіктерге жол бермеу үшін ұлттық саябаққа барлық көмегімізді көрсете отырып, біз бүкіл туристік қауымдастықпен бірге қимылдауымыз керек. Халықтың экологиялық мәдениетінде көп нәрсе жетіспейді. Егер біз бөлек-бөлек жұмыс істейтін болсақ, ештеңеге қол жеткізе алмаймыз".

"Біз де жобаға қатысқымыз, сараптамаға көмек жасауды қолдағымыз келеді", - деді Кеңес мүшесі, "Qazaq Geography" қоғамдық бірлестігінің өкілі Нұржан Алғашов. - Біз мұндай пікірталастарды құптаймыз. Біздің ұйым жабайы туризмге, от жағып, қоқыс шығарып, ағаштарды кесіп тастауға қарсы тұрады. Таулардағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдаймыз. Жалпы жобаны қолдаймыз".

Жастар тобының атынан Кеңес мүшесі және эко-активист, белсенді тау турисі Әсел Исанова сөйлеп, ұлттық саябақтың проблемалары туралы жақсы білетінін, үнемі жас белсенділермен бірге тау трассаларына барып, инспекторлармен байланыс орнататынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Әсел жобаны қолдайтындығын білдірді және тіпті Іле Алатауы ұлттық паркіндегі экотуризмнің дамуына қолдау білдіру үшін ашық хат жариялауға шақырды.

Сонымен қатар, ол еріктілермен бірге, жоба аясында ұлттық парктің Аюсай шатқалында ұлттық парк инспекторларының өздерін және география ғалымдарын, биологтар мен зоологтарды тарту арқылы халықтың экологиялық мәдениетін көтеру үшін өткізілетін білім беру жобалары туралы айтты.

"Егер біз ұлттық паркке соқтыға беретін болсақ, онда ештеңе де болмайды", - деп атап өтті Александр Гужавин ұлттық парктегі пікірталас соңында. - Біз бірге болуымыз керек. Адамдар қалдырған қоқысты тазарту саябақтың инспекторларының құзыретіне кірмейді. Біз оларға көмектесуіміз керек, олардың жұмысын құрметтеуіміз керек. Әлеуметтік желіде сынағаннан ештеңе өзгермейді. Бізге бизнеске көмектесу керек. Халықтың экологиялық ойлауын және мәдениетін өзгерту қажет".

Бұл жобаға "Қазэкология" экология ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Амангелді Сқақов, эко-белсенді және кәсіпкер Сергей Спицын және басқа да Кеңес мүшелері қолдау білдірді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны