30.06.2015, 18:13 7642

Индонезияда ұшақ апатынан қаза тапқандардыӊ саны 37-ге жетті

Сейсенбі күні индонезиялық Медан қаласында апатқа ұшыраған әскери-көліктік C-130 Hercules ұшағында ажал құшқандардыӊ саны 37-ге жетті

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - Сейсенбі күні индонезиялық Медан қаласында апатқа ұшыраған әскери-көліктік C-130 Hercules ұшағында ажал құшқандардыӊ саны 37-ге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл ретте мерт болғандардыӊ саны мұнымен шектелмеуі мүмкін, себебі ұшақ құлаған сәтте бортта 50 адам болған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұдан басқа, ұшақтыӊ тұрғын үй орамына құлап, екі үйге зақым келтіргені белгілі.

Полиция деректеріне сүйенсек, ұшақ әуеге көтерілгеннен соӊ екі минуттан кейін құлаған.

Иуежайда ұшқыштыӊ қозғалтқыштыӊ істен шығуына байланысты қайтуға рұқсат сұрағанын растады. Куәгерлер ұшақ бұрылған кезде құлағанын айтуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны