15.05.2012, 14:02 2624

Индонезияда жолаушылар ұшағы құлаған Салак тауында қаза тапқандардың мәйіттерін іздестіру жалғасуда

Жауын-шашын мен тау бөктеріндегі күрделі рельеф іздестіру операциясына кедергі келтіруде. Кеше құтқарушылар Суперджеттың қара жәшіктері жатқан жерді анықтағанымен, ол жаққа әлі жете алмай жатыр. Бұған дейін мұнда ұшақтың шассиі мен қозғағышы табылған еді. Іздестіру операциясын Индонезия жағы басқарады, өйткені апат осы елдің аумағында болды.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Индонезияда Sukhoi SuperJet-100 жолаушылар ұшағы құлаған Салак тауында бүгін таң атпастан қаза тапқандардың мәйіттерін іздестіру операциясы жалғасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

с Іздестіру операциясы жалғасуда.

Жауын-шашын мен тау бөктеріндегі күрделі рельеф іздестіру операциясына кедергі келтіруде. Кеше құтқарушылар Суперджеттың қара жәшіктері жатқан жерді анықтағанымен, ол жаққа әлі жете алмай жатыр. Бұған дейін мұнда ұшақтың шассиі мен қозғағышы табылған еді. Іздестіру операциясын Индонезия жағы басқарады, өйткені апат осы елдің аумағында болды.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Джакартаның әскери госпиталіне қаза тапқандардың мәйіттері салынған 26 контейнер жеткізілді. Естеріңізге сала кетсек, ұшақ 9 мамырда көрсетілімді ұшу кезінде апатқа ұшырады. Ұшақ ішінде 45 адам болған. Олардың 8-і ресейлік, қалғандары Индонезия, Франция және АҚШ азаматтары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны