02.08.2006, 17:35 2859

Индустрия министрлігі Шаңырақтағы оқиғаның қайталанбауы үшін Елордасында тұрғызылып жатқан баспаналарға ревизия жүргізуді ұсынады

АСТАНА. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Республиканың индустрия және сауда министрлігі тұрғындармен арада қақтығысқа жол бермеу үшін Елордасында тұрғызылып жатқан баспаналарға ревизия жүргізуді ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жуырда Алматыда болған оқиғаға байланысты Астана қалалық әкімшілігі өз аумағындағы саяжай және бақшалық серіктестіктер мен өнеркәсіптік аймаққа негізсіз қоныстану және заңсыз баспана тұрғызу жағдайына ревизия жүргізуге тиіс деп санаймыз",- деп мәлімдеді бүгін Астана қаласын дамыту мәселесіне арналған кеңесте индустрия және сауда министрінің орынбасары Асқар Баталов.

Өз тарапынан республика үкімет басшысы Даниал Ахметов жеке баспана тұрғызуға берілген жер телімдеріне инженерлік коммуникациялар тарту мәселесі бойынша жеке бағдарлама жасау қажеттігіне назар аударды.

"Біз келесі жылдан бастап Астанаға мақсатты трансферттер бөлуге тиіспіз. Астана бүгінге дейін бөлінген жер телімдеріне инженерлік коммуникациялар тартуға арналған дербес бағдарлама жасауға тиіс",- деді Д.Ахметов. "Адам 3-4 жылда өз үйін салып алады. Және ол осы 4 жылда әкімшілік барлық инженерлік коммуникацияларды тартып беретінін білуге тиіс",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-шілдеде Алматыдағы Шаңырақ ықшам ауданында жерді білермендікпен басып алып, баспана тұрғызыр алған тұрғындар мен құқық қорғау органы қызметкерлерінің арасында қақтығыс туындады. Соның салдарынан бірнеше ондаған адам жараланды. Ал үстіне жанармай шашып, өртеп жіберген бір тәртіп сақшысы бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны