15.10.2012, 19:42 2831

Иорданияда "EXPO 2017" халықаралық көрмесін өткізу бойынша Астананың кандидатурасын қолдау мәселелері талқыланды - баспасөз баяны

Қазақстан дипломаты иордандық министрді тағайындалуымен құттықтап, Қазақ-иордан үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы ретінде сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі кеңейіп, нығаюына үлесін қосатынына сенім білдірді.

Бүгін Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Болат Сәрсенбаев 13 қазанда Корольдіктің Индустрия және сауда министрі, сондай-ақ Ақпараттық және коммуникациялық министрі болып тағайындалған Хатем Халауани мырзамен кездесті. Бұл жайлы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Қазақстан дипломаты иордандық министрді тағайындалуымен құттықтап, Қазақ-иордан үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы ретінде сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі кеңейіп, нығаюына үлесін қосатынына сенім білдірді.

Хатем Халауани өз кезегінде екі ел арасындағы өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейі Президент Нұрсұлтан Назарбаев мен Король Абдалла ІІ бен Хусейн арасындағы сенімді қатынастардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Кездесу барысында иордан министріне АӨІСШК-нің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль тапсырылды.

Тараптар "EXPO 2017" халықаралық көрмесін өткізу бойынша Астананың кандидатурасын қолдау және Қазақ-иордан үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысын өткізу мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны