20.03.2012, 11:40 3287

Ірі қара мал басының 7,8 пайызға азаюы ет бағасының қымбаттауына әсер етті

"Ет бағасының көтерілуі өткен жылдың наурызымен салыстырғанда ірі қара мал басының 7,8 пайызға немесе 513 мың басқа азаюынан орын алып отыр. Шошқа басы да 11 пайызға кеміді. Ет бағасының ең жоғары өсімі Қарағанды облысында байқалады. Бұл ірі қара мал басының 4,6 пайызға азаюынан және жем-шөптің 59 пайызға қымбаттауынан болды", - деді ол.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Ірі қара мал басының 7,8 пайызға азаюы ет бағасының қымбаттауына әсер етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында азық-түлік тауарларының ағымдағы жағдайы туралы баяндама жасаған аталған агенттіктің басшысы Ғабидолла Ибдрахимов мәлім етті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Ет бағасының көтерілуі өткен жылдың наурызымен салыстырғанда ірі қара мал басының 7,8 пайызға немесе 513 мың басқа азаюынан орын алып отыр. Шошқа басы да 11 пайызға кеміді. Ет бағасының ең жоғары өсімі Қарағанды облысында байқалады. Бұл ірі қара мал басының 4,6 пайызға азаюынан және жем-шөптің 59 пайызға қымбаттауынан болды", - деді ол.

Агенттік басшысының атап өтуінше, ет бағасының өсуіне қасапханалар қызметі құнының жоғары болуы, сонымен қатар нарықтағы бағаға алыпсатарлардың араласуы да әсер етіп отыр.

"Айта кетерлігі, өткен жылы агенттік баға уағдаласу, басымдықты жағдайын асыра пайдалану, алаяқтық фактілері бойынша азық-түлік нарығының 84 субъектісінің іс-әрекетіне тергеу амалдарын жүргізді. Антимонополиялық тергеу амалдарының қорытындысы бойынша 20 субъектіні әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 50 әкімшілік шешім қозғалды. Жалпы агенттік 1,5 млрд. теңгенің айыппұл санкциясын салды. Оның ішінде қазіргі таңда соттың 20 субъектіні әкімшілік жазаға тарту және 40 млн. теңге сомасында айыппұл салу, сонымен қатар нарықтың 5 субъектісінің 32 млн. теңге көлеміндегі монополиялық табысын тәркілеу туралы шешімі шықты", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны