14.10.2015, 17:58 4204

Италия, Канада, Португалия және Францияныӊ әскери қызметшілері "көрсетілген ауданды" тексеруді жүргізді

Көпұлтты инспекциялық тобыныӊ әскери қызметшілері Еуропадағы кәдімгі қарулы күштері туралы шарттыӊ (КҚКТШ) ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағыныӊ еуропалық бөлігінде "көрсетілген ауданды" тексеруді жүргізді

Астана. 14 Қазан. Kazakhstan Today - Көпұлтты инспекциялық тобыныӊ әскери қызметшілері Еуропадағы кәдімгі қарулы күштері туралы шарттыӊ (КҚКТШ) ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағыныӊ еуропалық бөлігінде "көрсетілген ауданды" тексеруді жүргізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Италияныӊ өкілдері басқарып отырған инспекциялық топқа Канада, Португалия және Францияныӊ әскери қызметшілері кірді. Олар инспекцияланатын "көрсетілген аудан" шегінде КҚКТШ-мен шектелетін қару-жарақ пен әскери техниканыӊ болмауы немесе болуы деректерін тексерді.

Инспекторлар Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерініӊ ілесіп жүруші тобына "көрсетілген ауданныӊ" координаталары бар хабарламаны табыс етті. Бұл аудан Орал қаласыныӊ шегінде Батыс Қазақстан облысыныӊ аумағында орналасқан болатын. "Көрсетілген ауданныӊ" жалпы ауданы 63 шаршы шақырымды құрады, бұл Шарттыӊ ережелеріне сәйкес рұқсат етілетін болып саналады (аудан 65 шаршы шақырымнан аспауы тиіс).

Инспекциялық топтыӊ өткізу орнына жеткізіп салу ҚР ҚК ИҚК Ан-26 әскери-көліктік ұшағымен жүзеге асырылды.

Орал қаласындағы әскери бөлім, "Батыс Қазақстан машина құрастыру компаниясы" АҚ (бұрынғы "Металшы" зауыты) және "Омега" зауыты инспекцияланды.

Тексеру қорытындысы Қазақстан толық көлемде Еуропадағы кәдімгі қарулы күштері туралы шарт (КҚКТШ) бойынша халықаралық міндеттемелерді толық көлемде орындап жатқанын және қатыспайтын техника мен қару-жарағы жоқ екенін растаған ресми түрдегі есеп беру болды.

Көпұлтты инспекциялық топтыӊ жетекшісі ҚР Қарулы Күштері өкілдерініӊ "көрсетілген ауданда" инспекцияныӊ қамтамасыз етуініӊ жоғары деӊгейін атап өтіп, бірлескен жұмысты өткізуге қолдау білдіргені үшін ҚР Қорғаныс министрлігініӊ алып жүруші тобына және оныӊ басшысы подполковник Нұржан Смағұловқа ризашылығын білдірді.

1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанныӊ аумағында Еуропадағы кәдімгі қарулы күштері туралы (КҚКТШ) шарттыӊ ережелеріне сәйкес "көрсетілген ауданды" инспекциялау бойынша барлығы 22 тексеру жүргізілгенін атап өтейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны