12.03.2012, 16:17 3412

Италияда 40 жыл бұрын ұрланған картиналар табылды

Қарабиндер Италияның астанасынан 7,5 млн. еуро тұратын төл туындының 37 көркемсуретін тапты, деп хабарлайды РБК.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Италияда 40 жыл бұрын ұрланған картиналар табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Италияның полиция қызметкерлері Рим қаласында 1971 жылдың күзінде болған атышулы ұрлықтың бетін ашқан.

Қарабиндер Италияның астанасынан 7,5 млн. еуро тұратын төл туындының 37 көркемсуретін тапты, деп хабарлайды РБК.

Грек-испандық Эль Греко, фламандық Антонис Ван Дейк және Питер Паулю Рубенс сияқты классикалық көркемсурет шеберлерінің туындылары 50 жастағы жергілікті әйелдің үйінен табылған. Айта кетейік 50 жастағы әйел 4 суретті аукционға қойғаннан кейін ғана, жылдар бойы із-түзсіз жоғалған көркемсурет туындылары табылды. Ийел тексеру барысында бұл суреттерді 20 жыл бұрын сатып алғандығын мәлімдеді.

Көркемсуретке құмар әйелдің үйін тінту кезінде (Рим қаласында) ұрланған 11 сурет, кейін астанадан шалғай жерде орналасқан үйінен 26 сурет табылды. Ендігіде әйел ұрланған бағалы заттарды сақтағаны үшін айыпталып отыр.

Айта кетейік, атышулы ұрлық оқиғасы 1971 жылы болған еді. Сол кезде ұрылар әлеуетті Париоли ауданында тұратын құрылыс магнатының үйіне түсіп, 42 суретті қолды еткен болатын. Дегенмен көп ұзамай дәлелдердің жетіспеушілігіне байланысты іс жабылған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны