27.08.2012, 17:08 3209

ИЖТМ басшысы бастаған жұмыс тобы Павлодар облысына келді - баспасөз баяны

ИЖТМ басшысы таңертең Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының құрылысын аралады. Айта кетейік, Индустрияландыру картасына енген аталмыш жобаның қуаттылығы жылына 27,5 млн. тонна кен шығарады. Жобаны іске асыру жұмыстарына 225 млрд. теңге қаражат құйылды.

Бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді.

ИЖТМ басшысы таңертең Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының құрылысын аралады. Айта кетейік, Индустрияландыру картасына енген аталмыш жобаның қуаттылығы жылына 27,5 млн. тонна кен шығарады. Жобаны іске асыру жұмыстарына 225 млрд. теңге қаражат құйылды.

Кен орнын іске асыру ашық түрде жүргізілмек. Кенді қайта өңдеу жұмыстары байыту фабрикасында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта техникалық экономикалық негіздеме жасалып, кенді өңдеу мақсатында жаңа жоғары технологиялық жабдық сатылып алынды. "Бұл нысында атқарылып жатқан жұмыстар кесте бойынша жүзеге асырылуда", - деді И. Исекешев.

Павлодарда министр облыстық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты. Онда Индустрияландыру картасына енген жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды.

Күннің екінші жартысында (түстен кейін) И. Исекешев инвестициялық жобалар іске асырылатын базалық салалардағы кәсіпорындарды аралайды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны