28.05.2010, 16:33 3946

Израиль әуежайында Қазақстан мен Ресей журналистері кідіртілді

Израиль әуежайында Қазақстан мен Ресей журналистері кідіртілді

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Израильдің Бен-Гурион атындағы әуежайында 27 мамыр күні күндіз Қазақстан мен Ресейдің журналистер тобы кідіртілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Izrus ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Портал ақпаратына сәйкес, "журналистер Бүкіләлемдік орыс баспасөзі қауымдастығының 12-ші конгрессіне қатысуға барған. Шараны басты ұйымдастырушылардың бірі - Израиль үкіметі. Журналистердің айтуынша, "оларды көпе-көрінеу әжуамен бір сағаттан астам уақыт бойы сұраққа алған".

Атап айтсақ, "Қазақстандық танымал журналист, тележүргізуші әрі режиссер Владимир Рерих, "Аргументы и Факты" газетінің қызметкері Сергей Кузовников, журналист, Республиканың сыртқы істер министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Виктор Кияница осындай қолайсыз жағдайда қалған. Олардың бәрі де болған оқиғаға таңданыс білдіріп, сұраққа алуды "оғаш оқиға" деп атады", - деп жазады портал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны