18.01.2016, 13:16 4221

Йеменде генерал үйініӊ қасында жарылыс болды

Йеменде Аден қаласы қоғамдық қауіпсіздік қызметі басшысыныӊ үйі маӊында жарылыс болды

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Йеменде Аден қаласы қоғамдық қауіпсіздік қызметі басшысыныӊ үйі маӊында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Салдарынан 10 адам ажал құшқан. Тағы 12 кісі жарақат алды. Сондай-ақ осы маӊайдан өтіп бара жатқан автобус жолаушылары да қатты зардап шеккен. Жанкешті Шалял Или Шаидіӊ үйіне көлікпен келіп, өзін жарып жіберіпті. Генерал жапа шекпеген. Изірге ешбір топ болған оқиғаны мойнына алған жоқ, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны